Даналық баспалдағы
Monday, 19 March 2018 19:06

Бүгін қаламыздағы №1 мектеп базасында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өңір педагогтерінің озат педагогикалық шығармашылықтары мен кәсіби құзыреттіліктерін көтеру мақсатында облыстық "Даналық баспалдағы" педагогикалық шеберлік мектебінің 1-ші шақырылымының бірінші күні өтті.

Екікүндік шараның бүгінгі бөлімінде қатысушылармен танысу бағытында сергіту тренингі өтіп, заманауи сабақтарды ұйымдастыру талаптары, бастауыш сынып мұғалімдерінің құжаттамалары, мұғалімнің эмоционалды ұстамдылығы, сабақ кезіндегі қарым-қатынас орыны, тағы басқа тақырыптарда баяндамалар оқылып, презентациялар көрсетілді. Шараның тікелей ұйымдастырушысы, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскері Дариға Сағынаеваның айтуынша, осындай теориялық және практикалық жұмыстар ертең жалғасын табатын болады.

1 2

3 4

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан