Қанжығалары қоңды оралды
13.03.2018 11:36

Жақында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында шаңғымен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Спорттық додаға еліміздің сегіз облысынан 130-дан астам спортшы қатысты. Аталмыш сайысқа облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан 12 спортшы барып, бақтарын сынап қайтты. Бұл спортшылардың қатарында туризм сайыстарында үздіктер сапын толтырып жүрген аудан-ауылдардың да балалары бар екенін айтуымыз керек. Ел чемпионаты спорттық бағдарлаудан Sprint, Middle, Long және Relay (Klassika) қашықтықтары бойынша өз мықтыларын анықтады. Бұл сайыста жас спортшыларымыз жерлестерінің үмітін ақтап, Ақ Жайықтың абыройын асқақтатты.

Олар үздіктер қатарынан көрініп, 6 алтын, 4 күміс және 7 қола медальмен қанжығалары қоңды оралды. Өңіріміздің намысын қорғаған жүлдегерлерімізді атап айтсақ, Наргиза Иргусаева 20 жасқа дейінгі қыздар арасында «Sprint» - 1 орын, «Middle» - 1 орын, Long 2 орын және «Klassika» – 1 орын; Эльдар Болатжанов 20 жасқа дейінгі ұлдар арасында «Klassika» – 3 орын; Еділбек Елубаев 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында «Long» - 3 орын; Ақжайық Елубаева 14 жасқа дейінгі қыздар арасында «Sprint» - 3 орын; Карина Малаева 12 жасқа дейінгі қыздар арасында «Sprint» - 2 орын, «Middle» - 3 орын, «Long» - 1 орын және «Klassika» – 1 орын; Жасмина Аманғали 12 жасқа дейінгі қыздар арасында «Sprint» - 3 орын, «Klassika» – 2 орын; Арсен Көшербаев 12 жасқа дейінгі ұлдар арасында «Sprint» - 2 орын, «Middle» - 3 орын, «Long» – 3 орын және «Klassika» – 1 орын алып, төбемізді көкке жеткізді.

Облыстық туризм орталығы спорттық бағдарлау бөлімінің қосымша білім беру педагогі Жанболат Дәуіт спорттық бағдарлаудан облысымызда бұрын-соңды мұндай нәтиже болмағанын айтады. - Бірінші рет алты алтынға қол жеткіздік. Қаңтар айында спорттық бағдарлау бойынша облыстық чемпионат өтіп, үздіктер іріктелді. Сол үздік спортшылар ел чемпионатына жолдама алған еді. Жалпы, айта кету керек, спорттық бағдарлау биылдан бастап олимпиадалық спорт түріне енгізілді. Облыс орталығынан бөлек, спорттың бұл түрі Зеленов пен Қаратөбе аудандарында қарқынды дамып келеді. Қаратөбе ауданында спорттық бағдарлау бойынша Еркебұлан Ғабдуллин балалармен жақсы жұмыстанып жүрсе, Зеленов ауданының жасөспірімдерін Серік Хайруллин есімді маманымыз алға сүйреп жүр. Мәселен, чемпионаттан жүлдемен оралған Жасмина Аманғали мен Арсен Көшербаев Қаратөбе ауданы, Жусандыой ауылының өрендері. Сондай-ақ ел чемпионатында өңіріміздің намысын қорғаған ең кішкентай спортшыларымыз Карина, Жасмина, Арсен үшеуі республика деңгейіндегі ірі сайысқа бірінші рет қатысып отыр. Соған қарамастан, өздерін кәнігі спортшылардан кем ұстамады, - деген Жанболат Рахатұлы басқа аудандарда аталмыш спорт түрінің кежегесі кері тартып тұрғанын - дайындалатын орындардың жетіспеуімен, спорттық бағдарлау бағытындағы педагогтардың аздығымен, шалғай аудандардың жарыстарға ұдайы келе алмауымен байланыстырды.

Спорттық бағдарлау кешеуілдеп дамыған спорт түрі болса да, аталмыш саладағы мамандарымыздың төккен тері текке кетпей, өз жемісін бере бастады. Кешегі ел чемпионатындағы жетістігіміз – осы сөзімізге дәлел.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан