Оқулық жобасын талқылады
Wednesday, 07 March 2018 16:19

ҚР Президентінің жанындағы 2017 жылғы 26 сәуірдегі Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 1.3. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы бағдарламасын әзірледі. Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап. "География", "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан тариxы", "Музыка" пәндері аясында оқылады.

Осы бойынша әр өңірге өзінің оқулығын әзірлеу тапсырылды. Біздің облысымыз бойынша авторлық ұжым құрамы жасақталды. Авторлық құрамға ғалымдар, практикалық-ғалымдар тартылды. Бүгін "Өлкетану" оқулығы жобасының авторлары мен білім саласының өкілдері, өлкетанушы ғалымдардың қатысуымен облыстық білім басқармасында талқылау өтуде. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылып, тыңдалды. Басқосуда "Өлкетану" оқулығы жобасының авторы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің доценті, тариx ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев оқулық жобасымен таныстырды. Белгілі өлкетанушы, еңбек ардагері Жайсаң Ақбай және басқалары өз ұсыныстарын ашық айтып, көзқарасын білдіріп отырды. Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова "Өлкетану" оқулығының жобасын әзірлеудің салмағын саралап, авторларға бүгінгі ұсыныс-пікірлерді енгізіп, жобаны пысықтауға тағы екі апта уақытты белгіледі. Оқулық жобасын ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітетін болады.

1


 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан