Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілетін жаңа жылдық шырша

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 19 қарашадағы №4503-1 тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілетін жаңа жылдық шырша ағымдағы жылғы 26 желтоқсан күні сағат жергілікті уақыт бойынша 10.00-де (Астана уақытымен сағат 11.00-де) облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Н.А.Ноғаев қатысты.

1

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілген жаңа жылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек-балалар ішінен 200 бала қатысты (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-41, аз қамтылған отбасының балалары-76, көп балалы отбасының балалары-76, мүгедек-балалар-7).

Балалардың жалпы санынан: 139-ы ауылдық жерлерден, 11-і балалар үйінің тәрбиеленушілері, 15-і даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, 9-ы облыстық мектептердің оқушылары және 26-сы облыс орталығы мектептерінің оқушылары.

2

Ауылдық жерлерден балалардың келуі - 25 желтоқсанда ұйымдастырылды. Орналасу орны - «Дарын» қосымша білім беру орталығы.

Шыршаға қатысушыларға арналған мерекелік бағдарламада облыс орталығының мәдени және тарихи орындарына экскурсиялар, «Танысу кеші» сауықтыру бағдарламасы, мерекелік алаңдарға кешкілік экскурсия, балалар хайуанаты мен облыстық туризм және экология орталығына саяхаттар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілген жаңа жылдық шыршаға қатысушының әрқайсысына жалпы соммасы 60 750 теңгеге сыйлық берілді.

Киімдей сыйлыққа әрбір балаға (50750 теңге) мынадай заттар алынды:

күрте (ұл балаға), пәлте-пуховик (қыз балаға), қысқы аяқ киім, жемпір, бас киім, шарф, спорттық костюм, кроссовка.
Қосымша мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары (7 мың теңге) және тәтті сыйлық (3 мың теңге) алды.

3

Шыршаға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейне құттықтауы көрсетілді.

Балаларға Елбасының атынан сыйлықтарды Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Ноғаев табыстады.

Денсаулық сақтау басқармасы және Ішкі Істер Департаментімен Шыршаның өту орны, балалардың орналасу орны мен жол жүру кезінде кезекшілік ұйымдастырылды.

Мерекенің сценарийі мәдениет басқармасымен дайындалды.

Жаңа жылдық шара аяқталғаннан кейін барлық балалар аудандық ішкі істер бөлімі және денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлерінің жетелеуімен ауылдарына қайтты.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі