Қоғам қайраткеріне құрмет!
02.03.2018 16:28

А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 27 ақпан күні білім ұясының 150 жылдығына, қоғам қайраткері А.Оразбаеваның туғанына 120 жыл толуына орай «Алма Оразбаева – ұстаз, қоғам қайраткері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басты мақсат – білім ошағының 150 жылдығына байланысты мәліметтер қорын жинақтау, мектеп түлектерінің базасын байыту, мектептің педагогикалық мұражайына қор жинақтай отырып, А.Оразбаева туралы тың деректер іздестіру, қалың жұртшылыққа мектеп аты аталып жүрген ұстаз, қоғам қайраткерінің еңбегін таныстыру болатын.

2016-2017 оқу жылында мектеп түлектерінің қолдауымен мектеп алдына А.Оразбаеваның кеуде тұғыры қойылды. Конференцияның басы осы кеуде тұғырға гүл шоқтарын қоюмен басталды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, мектеп оқушылары мен ұстаздары және Бөкей орда, Жаңақала, Орал қаласынан келген қонақтар қатысты. Шара мәдениет үйінде өткендіктен, фойеге А.Оразбаева туралы еңбектер, әдеби шығармалар және ұлттық рухани құндылықтарға бағытталған көрме қойылып, келушілердің рухани танымына қызмет етті.

Конференция мазмұны, яғни практикалық бөлімі «Жасартып ғасырлар өткелі, Жасай бер, Алманың мектебі» бейнефильмін көрсетумен басталды. Бейнефильмде мектептің тарихы, мектепке еңбегі сіңген тарихи тұлғалар, әр жылдары еңбек еткен ұстаздар және қазіргі тыныс-тіршілігінен көріністер жүргізілді. Әдеби композициямен жалғасқан бөлімде оқушылар жазушы С.Даумовтың «Қасіретті тағдыр» кітабы бойынша Алмаға арналған поэмалардан үзінділер оқыды.

Конференцияның практикалық бөлімінің жалғасы конференцияға тың деректермен келген қонақтарды таныстырумен басталып, олардың құнды деректерін тыңдауға ұласты. Конференция төрінде А.Оразбаева атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Е.Идресовтың «А.Оразбаеваның ұстаздық қызметі», Бөкей ордасы республикалық тарихи музей-кешенінің ғылыми қызметкері Г.Сапарғалиеваның «Алма – шығыс әйелдерінің жанашыры», М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Байбулсинованың «Шығыс әйелдерінің саяси қызметтегі орны», М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың тарих факультетінің 4 курс студенті А.Зермуханованың «А.Оразбаеваның өмірі мен қоғамдық қызметі», Жаңақала ауданы, М.Жүнісов атындағы ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Г.Утегенованың «Алаштың ардақты Алмасы» баяндамалары тыңдалды.

Конференция барысында А.Оразбаеваның өміріне, қоғамдық, ұстаздың қызметіне байланысты тың деректер айтылып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Байбулсинова тарапынан А.Оразбаева атындағы мектепке ұсыныстар айтылды. Мектептің түлегі, профессор, тарих ғылымдарының докторы С.Мәшімбаевпен кездесу өткізу, байланыс орнату, Казталовтан шыққан ғалым ағамыз И.Кенжалиевтің еңбектерін зерттеу, ғалымның А.Оразбаева атындағы ОЖББМ туралы деректерін пайдалану, мектеп оқушыларын ғылым жолына бағыттау.

Конференцияның қорытынды бөлімінде Бөкей ордасы тарихи музей-кешенінің директоры Г.Махитов мектептің жаңадан қайта жасақталып жатқан педагогикалық мұражайына А.Оразбаеваның портретін, Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылындағы тарихи музей кешенінің портретін және оқушыларға әдеби кітапты сыйға тартты.

150 жылдық қарсаңындағы бұл шараның ерекшелігі – Елбасының Рухани жаңғыруға байланысты берген тапсырмалары аясындағы жұмыстармен үндесуі, тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектерін зерделеу, жас ұрпақтың бойында туған жердің қадір-қасиетін сезіне білу қасиетке баулу, патриоттық салт-сананы қалыптастыру болып табылады.

1

2

3

4

5

6

7

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан