Мектеп тынысымен танысты
Friday, 02 March 2018 11:29

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Белсенді іс-әрекет-дарынды балаларға білім берудің іргелі негізі» тақырыбында семинар өтуде. Мектеп басшысы Самал Шайхиеваның айтуынша, семинарды ұйымдастырудағы мақсат – білім жолымен дараланған мектептің 25 жылдық іс-тәжірибесімен бөлісу, оқушыларды бейімдеп оқытуға дайындаудағы негізгі пәндерді оқыту ерекшеліктерімен, бағдарлы білім алу негіздерімен таныстыру.

Семинар жұмысына өңірдегі мамандандырылған және инновациялық мектеп басшылары қатысуда. Семинар барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс яғни үйірме, тәрбие сағаттары өтеді. «Педагогикалық технопарк» бөлімінде мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы мектептің ерекшеліктері туралы баяндаса, осында сабақ беретін ЖОО оқытушылары дарынды балалармен жұмыс барысындағы өз тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ қонақтар сан-салада жүрген түлектердің бейне жолдауларын тамашалап, бүгінгі шәкірттермен жүздесіп, ой-пікірлерін тыңдайды. Мектеп мұражайын аралайды. – Биыл талай оғландардың қанатын қатайтқан білім ордамызға – 25 жыл. Кеше Назарбаев зияткерлік мектебі базасында өткен білім саласы қызметкерлерінің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылаған актив отырысында облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс орталығында IT-лицейін ашу жоспарланғанын айтты. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын IT-лицей ретінде қайтадан құру жұмыстары бүгінде басталып кетті, - деді мектеп директоры Самал Жәдігерқызы.

1 2

1 2

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан