Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Thursday, 01 March 2018 13:26

Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында "Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері" тақырыбында семинар өтуде. Оған аудан әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары қатысуда.

Семинар қатысушылары үшін әуелі мектепте кампус-тур ұйымдастырылды. Семинарды облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова ашып, әрі қарай Назарбаев зияткерлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Александрова NIS-Program оқу бағдарламасына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталса, облыстық оқу-әдістемелік кабинет директоры Аягөз Хамзина жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. Аталмыш мектеп директорының профильді-экспериментальды істері жөніндегі орынбасары А.Сұлтанов критериальды бағалауды енгізудің қажеттілігін баяндады. Ал НЗМ директоры Тимур Нұркешов НЗМ тәжірибесінің облыс мектептеріне таралуы бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды сөз етті. Басқосуға жиылғандар әртүрлі пәндер бойынша ашық сабақтарға қатысты. Сонымен қатар бүгін дәл осындай тақырыппен мектеп басшыларына арналған семинар өтуде.

1 2

1 2

1 2

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан