Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған онлайн-кеңес |
28.02.2018 14:59 |
Кеше қаладағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті базасында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына кеңестік және ақпараттық көмек беру мәселесі бойынша облыстық білім беру басқармасының өкілі Ерік Тұяқовтың және психологиялық-медициналық педагогикалық кабинет басшылары мен 20 шақты ата-ананың қатысуымен онлайн-кеңес өтті. Басқосуда ата-аналардың түрлі профильді мамандардың арнайы кеңестік көмегіне қажеттіліктері талданды. Жыл соңына дейін осындай кеңесті айына екі рет өткізу жоспарланған. |