«TALIS-2018» зерттеуі өтеді
27.02.2018 10:18

Үстіміздегі жылдың 26 ақпаны мен 31 наурызы аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) өтеді. Оған еліміздің халықаралық іріктеуден өткен 331 мектебі қатысуда. Зерттеуге әр білім ордасынан бір директор және 20 шақты ұстаз тартылмақ. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды. Мектептердің директорлары мен мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады. Аталмыш зерттеуге Қазақстаннан өзге 47 мемлекет қатысады.

TALIS – 2008 жылдан бастап, әр 5 жыл сайын өтетін әлемдегі мұғалімдер корпусының ең үлкен халықаралық зерттеуі. Ол мұғалімдердің қызметіне, инновациялылығына, еңбек жағдайына, әлеуметтік статусына сырттан салыстырмалы  баға береді. Сондай-ақ, зерттеу барысында мектептегі көшбасшылыққа және ахуалға талдау жүргізіледі. TALIS мәселелерді анықтап, 48 мемлекеттің ұстаздар корпусын жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды. Жобаны Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы үйлестіреді.

TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері 2019 жылдың маусым айында жарияланады. Қазақстандық мұғалімдер, директорлар және олардың еңбек жағдайлары туралы алғашқы рет объективті әрі басқа елдермен салыстырмалы деректер алынады.

Зерттеу мектеп мұғалімдері мен директорлардың дауысы ұлттық және халықаралық деңгейде естілуіне мүмкіндік береді. TALIS зерттеуінің нәтижелеріне қарай, қатысушы елдер оқытуға тиімді жағдай туғызу мақсатында өз білім саясатын қайта қарастырып, дамудың жаңа басым бағыттарын анықтайды.

Мысалы, TALIS-2013 зерттеуінің нәтижесінде Шанхайдағы мұғалімдердің жалақысы 10 пайызға көтерілді. Аустралияда жоғары оқу орындарында жаңа педагогикалық дайындық бағдарламалары ашылып, кәсіби стандарттар жаңартылды. Италияда «Жақсы мектеп» бағдарламасы аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қосымша қаражат бөлінеді және әр мұғалімнің нәтижелілігіне қарай төленетін жалақы беріледі. Англияда тексерістен «жақсы» бағаға өткен мектептерде үш жылда бір күн өтетін «қысқа мерзімді тексерістер» енгізілді.

Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі біздің өңірімізде кеше басталды. Зерттеу жұмыстары 7 наурызда аяқталады деп күтілуде. Оған облыс көлеміндегі 11 білім ұясы (алты – ауыл, төрт – қала мектебі және Назарбаев зияткерлік мектебі) қатысуда. Ал зерттеу жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Жанар Увалиева жүргізуде.

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан