Облыстық VI Қадыр оқулары
20.02.2018 22:10

Бүгін облыстық VI Қадыр оқуларында бір дарынды оқушы жарқ етті. Ол – Сырым ауданы, Қосарал ауылындағы Сырым орта мектебінің 9-сынып оқушысы Береке Орынбасар. Біз ұялы телефонына қоңырау шалғанымызда, абыз ақынның 300 өлеңін жатқа білетін Береке бас жүлдені қанжығасына байлап, ауылына қайтып барады екен.

Аз-кем тілдескенімізде сабағын 4 пен 5-ке оқитын озат оқушының халық әдебиетінен де хабары мол екенін білдік. Жанып тұрған жеткіншек келешек мамандығын да таңдап қойыпты, ол журналист болғысы келеді. – Мен Қадыр оқуларына 5-сыныптан бері қатысып келемін. Бір мен ғана емес, Қадыр атамыздың өлеңдерін інім Берген мен қарындасым Аяулым да жаттап жүр. Жалпы, менің бүгінгі жетістігіме қазақ әдебиеті пәнінен сабақ беретін Жанар Құрманғазиева апайымның да үлес-еңбегі зор, - дейді.

Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін сөз өнеріне жақын жас кейіпкеріміз бос уақытында жаттап жүреді екен. «Ана тілің асылың, оны білмеген – масылың» деп Қадыр ақынның өзі айтқандай, әрбір қазақтың асылы – ана тілінен сусындап, ақынның жауһар жырларынан сөз маржанын теріп жүрген тағы бір талантты оқушыны ел-жұртқа танытқан «Қадыр оқуларының» ғұмырлы болуына біз тілекшіміз.

1 2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі