Ұстаздар да қолдайды
20.02.2018 15:10

Латын әліпбиіне көшуде бір қадам алға бастық. Бүгін латын графикасына негізделіп бекітілген қазақ тілі әліпбиіне өзгерістер енгізілгені туралы Ақордадан сүйінші хабар жетті. Бұл жағымды жаңалықты білім саласының өкілдері де қолдап, қуаттап, үн қосуда.

Қаладағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлзихан Тасқарина мынадай мәтінде өз пікірін білдірді: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «... Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», - деген болатын. Елбасы айтқанындай, латын әліпбиіне көшуге бүгін қоғам болып дайындалып жатыр. Менің пікірімше, 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу жалпы қоғамның саяси санасына өзгеріс әкеледі деп есептеймін.

Алайда бұл жолдағы проблемаларды да ескеруіміз керек. Біріншіден, латын әліпбиін қолданысқа енгізер алдында асқақ рухты тіліміздің ішкі заңдылықтарын қатаң сақтауымыз қажет. Тіліміздің әуезділін, үндестік заңын ескеруге мән берілсе деймін. Себебі өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, ана тілімнің тағдырына жаным ашып алаңдаймын. Ол үшін балабақшаларда, мектептерде латын әліпбиін сауатты үйренуге үйрететін арнайы пәннің болғандығын қалар едім. Осындай тіліміздің тағдырын шешетін жауапты сәтте экономикалық-әлемдік кеңістікте латын графикасы түркі халықтарын біріктіретін ұлы құбылыс болатындығына сенімдімін. Латын әліпбиінің қолданысқа енуін құптай отырып, болашағына зор сеніммен қараймын», - дейді Гүлзихан Үмбетқызы.

1

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан