Облыстық дөңгелек үстел тақырыбы: «Математикалық білім: тәжірибе, мәселелері мен перспективалары»

2018 жылдың 15 ақпанында Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің базасында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің математика пәні әдіскерлері мен жалпы білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне «Математикалық білім: тәжірибе, мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы тәжірибелік семинар оздырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - жаңартылған білім беру жағдайындағы мектепте математиканы оқытуды ұйымдастыру мәселелері, оқу және оқудан тыс қызметінде оқытудың заманауи технологияларын және арнайы бағдарламалық құралдарды пайдалану, оқушылардың математиканы оқуға деген уәжін арттыру бойынша тәжірибе алмасу.

Дөңгелек үстел жұмысына М.Өтемісов ат. БҚМУ педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, физика –математика факультетінің деканы А.Медешова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ директорының орынбасары Е.Сафуллин, 48 аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы білім беру ұйымдарының жас педагогтері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарында математика пәнінің оқытылуы туралы мәліметпен, жоғары оқу орындарында математика пәні мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктерімен, математика пәнін оқытудағы жаңа технологияның тиімділігі және нәтижелілігімен, жаңартылған білім мазмұнындағы әдістемелік қызметті дамытудың тиімді жолдарымен танысты. «Бағалау жүйесіндегі критерийлер мен дескрипторлар», «Динамикалық математика», «Математика сабақтарында және сабақтан тыс қызметте АКТ құралдарын пайдалану», «Математика сабақтарындағы оқушылардың оқу қызметінің уәжі» шеберлік-сыныптары өткізілді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары дөңгелек үстел тақырыбының  өзектілігін атап өтіп, ұсынбалар қабылдады.

1

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі