Мектептен тыс жұмыс орталығы |
Saturday, 17 February 2018 19:11 |
Бүгін, ақпанның 17-сі қаламыздағы "Alem Plaza" сауда орталығында Мектептен тыс жұмыс орталығы күні өтуде. Оған мыңнан астам балалар, олардың ұстаздары, ата-аналар қатысуда. Шара барысында "Бейбіт аспан аясында өмір сүреміз" деген атаумен концерттік бағдарлама, асық ату, тоғызқұмалақ, шаxмат секілді интеллектуалды спорт түрлерінен турнир, шығармашылық жұмыстардың көрме сатылымы, сәндік-қолданбалы өнер мен бейнелеу өнерінен шеберлік сағаттары, "Букроссинг" акциясы, ойындар, флешмоб және фотосессия жоспарланған. |