Роботты техника курсы өз мәресіне жетті |
Friday, 16 February 2018 12:26 |
Облыстық білім басқармасының білім беруді ақпараттандыру орталығында роботты техника кабинеті биылдан бастап іске кіріскенін бұдан бұрын да жазғанбыз. Кабинет 15 базалық робот және 7 қосымша бөліктерімен жабдықталған. Бүгін орталықта «Роботты техника негіздері» деп аталған 5 күндік семинар аяқталып, қатысушыларға сертификат табыс етілді. Орталықтың әдіскері, роботты техникадан арнайы білімін толықтырған маман Гүлзат Жагиева үстіміздегі жылы мұндай курстардың әлі екеуін өткізу жоспарда тұрғанын айтады. - Бұл курсқа қала және аудан мектептерінен 13 мұғалім қатысып, роботты техниканың негіздерімен танысты. Білім беру роботтарын құрастыруды, бағдарламалауды үйренді. Бір сөзбен айтқанда, LEGO Education жинағымен жұмыстанды, - дейді Гүлзат Серікқызы. Аталмыш курстан өту информатика пәнінің мұғалімдеріне роботты техникадан факультатив жүргізу құқығын береді. |