Роботты техника курсы өз мәресіне жетті
Friday, 16 February 2018 12:26

Облыстық білім басқармасының білім беруді ақпараттандыру орталығында роботты техника кабинеті биылдан бастап іске кіріскенін бұдан бұрын да жазғанбыз. Кабинет 15 базалық робот және 7 қосымша бөліктерімен жабдықталған. Бүгін орталықта «Роботты техника негіздері» деп аталған 5 күндік семинар аяқталып, қатысушыларға сертификат табыс етілді.

Орталықтың әдіскері, роботты техникадан арнайы білімін толықтырған маман Гүлзат Жагиева үстіміздегі жылы мұндай курстардың әлі екеуін өткізу жоспарда тұрғанын айтады.

- Бұл курсқа қала және аудан мектептерінен 13 мұғалім қатысып, роботты техниканың негіздерімен танысты. Білім беру роботтарын құрастыруды, бағдарламалауды үйренді. Бір сөзбен айтқанда, LEGO Education жинағымен жұмыстанды, - дейді Гүлзат Серікқызы.

Аталмыш курстан өту информатика пәнінің мұғалімдеріне роботты техникадан факультатив жүргізу құқығын береді.

1 2

3 4

5

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан