Дискуссиялық алаңда бас қосты
Friday, 16 February 2018 11:42

Бүгін облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті «Жаңартылған білім беру мазмұны: алғашқы нәтиже, өсу деңгейі, жаңа мақсаттар» тақырыбында дискуссиялық алаң ұйымдастыруда.

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өтіп жатқан шараға қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттер әдіскерлері, критериалды бағалау бойынша үйлестірушілер қатысуда. Аталмыш басқосуды облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Галина Архипова ашып, әрі қарай жаңартылған оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижелері қатысушылар арасында талқыға түсті. Жаңартылған білім беру үрдісіне ата-аналардың көзқарасы, олармен бірлескен жұмыстар туралы Жәнібек ауданы, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің критериалды бағалау бойынша үйлестірушісі Р.Ғиззатова тарқатты. Бөкей ордасы аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Мұхтарова критериалды бағалау жүйесін енгізудегі мектеп үйлестірушілерін әдістемелік қолдау жайлы айтса, Шыңғырлау аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Жаналиева орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты ұйымдастыруға тоқталды. Сырым ауданынан келген Г.Сапарова мен А.Анесовалар оқу үдерісіндегі проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы жан-жақты баяндады.

Сондай-ақ дискуссиялық алаң барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақты жоспарлау, орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты ұйымдастыру, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында мұғалімдерді оқыту мен дамыту тетіктерін көрсетуге бағытталған шеберлік сыныптары өткізілмек. Шараның нәтижесінде әдіскерлер мен критериалды бағалау бойынша үйлестірушілерге ұсынбалар беріледі.

1 2

3

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан