Оқушыларға арналған курс
14.02.2018 17:55

Бүгін облыстық білім басқармасының білім беруді ақпараттандыру орталығында «SONY VEGAS PRO» бағдарламасымен жұмыс жасауды үйретуге бағытталған курс басталды. Төрт күндік курсты орталықтың маманы Армат Мақсотов жүргізуде.

Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының инновациялық-технологиялық бөлімінің жұмыс жоспарына сай өткізіліп отырған курсқа қала мектептерінен 16 оқушы қатысуда. Армат Болатұлының айтуынша, бейнематериалдарды монтаждау және өңдеу үшін барлық функциялары мен қажет құралдары бар стандартты бағдарламамен жұмыс істеуде «SONY VEGAS PRO» бағдарламасының алатын орыны ерекше. Бұл бағдарлама Sony Vegas Pro бейнередакторы камераға түсірген бейнероликтермен мінсіз жұмыс істеуді үйретеді. Аталмыш бағдарлама 7-9 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға және компьютерлік сауаттылығын арттыруға арналған.

Оқушылар аталмыш бағдарламаны оқу барысында бейнені жазу, кесу, оған қосымша дүниелер қосу, бейнематериалды өңдеуді меңгеріп шығуы тиіс. Курсқа қатысып отырған №26 мектептің 8-сынып оқушысы Әлихан Бекболатов бейнематериалды монтаж жасаудан хабарлы екенін жеткізді. Бірақ аталмыш бағдарламаның көмегіне сүйеніп көрмепті. Сондықтан жаңа бағдарламамен жұмыс жасауды үйренуге бар ынта-шынтасымен кірісті. Ал №10 мектептің 7-сынып оқушысы Нұрбек Абиболлаев керісінше, монтаж жасаудан хабарсыз, бірақ осы курсқа қатысу арқылы компьютерлік білімін шыңдай түскісі келеді. Балалармен тілдесу барысында олардың жаңа дүниені танып-білуге, қабылдауға құштарлығын байқадық. Бәрі де көрсем, білсем, танысам деп құлшынып тұр. Ендеше, жас ұландардың келешегіне бұл шараның пайдасы да зор болмақ.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан