Боздақтарды еске алды
Wednesday, 14 February 2018 14:34

Бүгін, ақпанның 14-і күні Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына 29 жыл толуына орай және аталмыш колледждің түлектері, ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер В.Карпов, С.Изотов, А.Емельяновты еске алуға арналған мылтық атудан «Мерген» облыстық турнирі өтуде. Оған ауған соғысының ардагерлері, қорғаныс, білім саласының өкілдері арнайы келді.

Өкінішке орай қаза тапқан түлектердің жастары ұлғайған ата-аналары арнайы шақырылғанымен, келе алмады. Ауқымды шараға облыс және қала колледждерінің командалары қатысты. Турнирдің ашылуында облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Ләззат Нұрғалиева, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Александр Гладков, «Батыс Қазақстан облыстық Ауғанстан ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Олег Пимонов, БҚО Қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мұратбек Сәрсенғалиев, тағы басқалары жас ұрпақты бейбіт өмірдің қадірін білуге, ауған даласында қаза тапқан сарбаздар есімін ұмытпауға шақырып, оқ атудың бейбіт күнде спорттың бір түрі болып қала беруін тіледі. Иә, шын мәнінде қаншама жыл өтсе де Ауған соғысының салған жарасы әлі жазылған жоқ. Бұл белгісіз соғысқа қатысқан 620 мың кеңес жауынгерлерінің 22 мыңы өз отандастарымыз болатын. Майдан даласындағы сұрапылда 765 қазақстандық сарбаз ажал құшса, 21-і ұшты-күйлі, із-түзсіз жоғалды, жүздеген жауынгер мүгедек боп оралды. Көпшілігі соғыстың зардабын әлі тартып жүргені ащы да болса шындық.

Бұдан соң шараға келген меймандар колледж ғимаратының алдында орналасқан, ауған соғысынан оралмаған жауынгер-сарбаздар В.Карпов, С.Изотов, А.Емельяновты мәңгі ұлықтауға арналған мемориалды белгіге гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ колледж қабырғасында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру және қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай ашылған музейді аралап көрді. Ал ауған соғысының ардагерлері колледж кітапханасында жастармен жүздесіп, ескірмеген естеліктерімен бөлісті. Жастардың сахналық көріністерін тамашалады. Ал бұл кезде нысанаға дөп тигізуді көздеген командалар мылтық атудан шеберліктерін сарапқа салып жатты.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 1

1 1

1 1

1 1

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан