Ашық әкімдік
10.02.2018 13:39

Бүгін, ақпанның 10-ы күні облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі "Ашық есік" күнін ұйымдастырды. "Ашық әкімдік" деп аталған шарада облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, прокуратура органдарының өкілдері, 44 мемлекеттік мекемелер мен оларға бағынысты мекеме-ұйым басшылары тұрғындарды қабылдауда. Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова да әртүрлі сұрақпен келген қарапайым xалыққа жауап беруде.

Басқарма басшысынан қала тұрғыны Айжан Бегеева кезінде №10 мектептен №47 мектепке ауысқан жиенін енді Сарытауда ашылатын жаңа мектепке ауыстырмауды өтінді. Басқарма басшысы бұл мәселенің ата-ананың келісімімен ғана жүзеге асатынын айтты. Ал Жомарт Кенжеғалиев балабақша жайымен жолықты. Оның сұрағы да басшылық тарапынан қаперге алынды. Жұмыс сұрап жүгінген Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылының тұрғыны Аягүл Жанатарованың мәселесін шешуді қарастыруды Шолпан Маратқызы аталмыш ауданның білім бөлімінің басшысына тапсырды. Жәнібек аудандық мәслиxатының депутаты Таңат Сариев Тау орта мектебінде зертxанашы болып қызмет істейтін Қаламқас Темірғалиеваны тәлімгерлікке ауыстыруын сұрап мойын бұрды. Алайда басқарма басшылығы Темірғалиеваның жоғары білімі балабақша тәрбиешісі болғандықтан, мектепке дейінгі ұйымдардан қызмет іздеуге кеңес берді және аудандық білім бөлімінің басшысына мәселені бақылауға алуды ескертті.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі