Мағрипа Есенғұлқызы Искакованың 80 жылдық мерейтойы
09.02.2018 18:05

Бүгін облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты аталмыш білім ордасының тарихында аты алтын әріптермен жазылған қайраткер, ұлағатты ұстаз Мағрипа Есенғұлқызы Искакованың 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Оған білім саласының майталмандары, мектеп ұжымы, мерейтой иесінің әріптестері мен туыстары қатысты. Әуелі меймандар мектеп музейін аралап, білім ошағының шежірелі тарихына тағы бір көз жүгіртті.
Мерекелік кештің ашылуында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова сөз алып, 55 жылдық тарихы бар мектепті отыз жыл басқарған ардагер ұстаздың өлшеусіз еңбегіне тоқталды. Сондай-ақ бүгінде іссапарда жүрген облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың атынан құттықтау хатын табыс етіп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен тағайындалған «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісін ұлағатты жанның өңіріне қадады. Айта кету керек, Мағрипа Есенғұлқызы бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспақұловтың қабылдауында болып, өңір басшыларының да құрметіне бөленген еді.
Мектеп ұжымы ұйымдастырған көпшілік шарада тағдырлы әндер шырқалып, анаға, ұстазға бас игізген халқымыздың дархан жүрегі көбіміздің жанарымызға жас үйірді. Көпке дейін ұмытылмайтын, ерекше іңкәрлікпен өткен жылы жүздесу болды.
Осы әдемі жүздесуде Мағрипа Есенғұлқызының дүниеге келген сәтінен бастап, бүгінгі зейнет демалысына дейінгі жүріп өткен жолдары жан-жақты қамтылды. Мағрипа апамыз Тарбағатай тауының етегіндегі Ақсуат деген ауылда 1938 жылы 7 ақпанда дүние есігін ашыпты. Кешегі сұрапыл соғыстан есен-аман оралған әкесі Есенғұл көп жылдар бойы есепші боп еңбек еткен. Өте ерке боп өскен Мағрипаға «Мағышым» деп елжіреп, ұл балаша киіндіріп, бетінен қақпай өсіреді. Әкесінің әдеби кітапты көп оқитын қасиетін бойына сіңіріп өскен ол 1954 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Алғашқы еңбек жолы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы мектеп-интернатта тәрбиешілікпен басталып, 1963-1979 жылдар аралығында Талдықорған, Гурьев, Шевченко қалаларындағы түрлі оқу орындарында ұстаздық етеді. Кейін тағдыр Тарбағатай тауының етегінде өскен бұла қызға Жайық өңірінен дәм бұйыртып, Сәбит деген азаматпен отау тігеді. Мағрипа Есенғұлқызы мен жары Сәбит екеуі бір қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірді.
1979 жылы Мағрипа Есенғұлқызы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры болып тағайындалды. Ал бұл санаттағы балаларды еңбекке және өз бетінше өмір сүруге үйрету үлкен шеберлік пен ерекше шыдамдылықты қажет етеді. Мағрипа Есенғұлқызы мектеп-интернаттағы педагогикалық қызметті дәл осы арнаға бұра білді. Тағдыр соққысына ұшыраған балалардың өмірі қызықты да мәнді болуына жанын салды. Сөйтіп өзі басқарған мектеп-интернатты республикадағы ең үздік білім ошақтарының сапына жеткізді.
Облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының бүгінгі басшысы, осындай мерейтойды дүбірлі тойға айналдыра білген тәжірибелі ұйымдастырушы – Бауыржан Абдрахманов аталмыш мектепті ұзақ жылдар басқарып, өңірдің білім саласының өркендеуіне, мектеп-интернаттың бүгінгідей дәрежеге жетуіне үлкен күш жұмсап, зор үлесін қосқан Мағрипа Есенғұлқызының еңбегін кейінгі ұрпақ, жас буын біліп жүрсе деген тілегін жеткізді. Шын мәнінде, мектеп ұжымының бұл мерейтойға тыңғылықты дайындалғаны байқалып тұрды. Кіреберістен мерейтой иесі мен қонақтардың аяқтарын жерге тигізбей қарсылап алып, іс-шараны жалықтырмай, мазмұнды әрі мәнді өткізу оңай шаруа емес. Бұл орайда мектеп ұжымының жұдырықтай жұмылған ұйымшылдығына риза болмай қала алмадық. Соның ішінде ұстаз еңбегінің дәріптелуі – сүйсінуге тұрарлық.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

6

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан