Жақсы бастама жалғасын табуда
09.02.2018 16:53

Бүгін «City Center» сауда орталығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешеніндегі «Өнер» бөлімінің қобызшылары «Бабалар үні» атты концерт ұйымдастырды.

Киелі аспап – қобыз арқылы қазақ халқының ұлттық музыкасын насихаттау мақсатында өткен шарада «Арай» қобызшылар ансамблі халық әні «Елік-айды», Д.Шостаковичтің «Хороший день», Ә.Телғозиевтің «Сырымызды білмейді». Е Брусиловскийдің «Шолпан» туындыларын, сондай-ақ қазақ халық әндерінен «Попурри» мен «Жайдарманды» тамаша орындады. Жеке орындаушылардан Асланбек Дәулетов Абайдың «Айттым салем Қаламқасын» әуелетсе, 1-сынып оқушыларынан құралған ансамбль А.Моцарттың «Аллегреттосы» мен Л.Бетховеннің «Сурок» шығармаларын көрерменге тарту етті. Орал қаласына іссапармен келген Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің директоры Үнзира Шадуова сауда орталықтарында өнер көрсетіп жүрген ұжымның бастамасымен өзі басшылық ететін білім ордасында бөлісуге әзір екенін, кішкене өнерпаздардың талабы мен талантына тәнті болғанын айтты. Ал көрермендер қатарында тұрған Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің 2-ші курс студенті Бейбіт Сайынов киелі аспап - қылқобыздың қоңыр үнінен айналып өте алмапты. – Менің де домбыра шертетін өнерім бар. Бірақ қанша ғасырлар қойнауынан жеткен қобыздың орны бөлек. Осы аспапты «сөйлеткен» кішкене бүлдіршіндердің беталысына сүйсініп тұрмын. Жалпы, қалалықтар көп шоғырланған орындарда ұлттық мәдениетіміздің, өнеріміздің кеңінен насихатталуы бізді қуантады. Мектеп ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ, - деді Бейбіт.

Иә, Сәкен мектебі ұжымы ұйымдастырған мәдени-көпшілік шараның бас-аяғы бұл емес. Осыған дейін аталмыш «Өнер» мектебінің домбырашылары «Атриум» сауда үйінде қалалықтарға өз өнерлерін паш етіп, бастама оралдықтар тарапынан зор қолдау тапқан болатын. Маңдайалды білім ордасының көркемөнерпаздары бүгін де жиылған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 1

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан