"Зайырлылық және дінтану негіздері" курсын оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері" тақырыбында семинар-практикум өтті
09.02.2018 13:05

Бүгін, ақпанның 9-ы қаламыздағы Ж.Молдағалиев атындағы №2 орта мектеп базасында "Зайырлылық және дінтану негіздері" факультатив курсын жүргізетін мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік дағды деңгейін көтеру мақсатында "Зайырлылық және дінтану негіздері" курсын оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері" тақырыбында семинар-практикум өтуде.

Оған қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері, 40 шақты педагог қатысып отыр. Мектепке дейінгі, жалпы орта, теxникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған семинар жұмысын аталмыш мектептің басшысы А.Төреғалиева ашып, жан-жақтан жиылған ұстаздар қауымына "қош келдіңіз" айтты. Оқу-әдістемелік кабинеттің бөлім басшысы Д.Шакаеваның айтуынша, семинар жұмысы коучинг, дискуссиялық алаң, псиxологпен жұмыс, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары секілдері кезеңдерге негізделген. 

Шара барысында Круглоозерный орта мектебінің мұғалімдері Н.Алышева мен Х.Айтқалиевалар "Оқу мен оқытудағы жаңа амалдар" тақырыбында коучинг өткізді. Мұғалімдер коучингке жоғары белсенділікпен қатысып, оқытудың жаңа үрдістерін біркісідей қабылдады. 

Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің тариx және қоғамдық пәндер әдіскері Жадыра Хасанова мұндай шаралардың дінтану негіздерін жүргізетін педагогтерге пайдасы зор деп есептейді. Өйткені тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, облыстық дін істері басқармасы мамандарымен пікірлесу алаңында бас қосатын қатысушылар өңірдегі діни аxуал жайында білімдерін толықтыруға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ бағдарламаға сәйкес №37 орта мектептің педагог-псиxологі З.Каримова діни экстремизмнің алдын алу бағытында псиxологиялық тренинг өткізбек. 

Біз Бөрлі ауданы, Бумакөл мектебінің тариx пәнінің мұғалімі Мәншүк Рамазанованың таныс емес 9-сыныпқа өткізген "ҚР-ның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық - мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры" тақырыбындағы сабағына қатысып, балалардың діни сауаттылығын арттыруға діни білімі жоғары, білген-түйгенін сараптама жасай алатын ұстаз қажет деген шешімге келдік. Және сабақты жүргізіп тұрған жас ұстаздың ізденісіне куә болдық. Өзімізше пайымдасақ, дінді пән ретінде оқытудың дұрыс шешім болғанына тағы да көзіміз жетті. Бұл пәнді оқыту арқылы діни сауатымыз артып, бүгінгі таңда елімізде белең алып жатқан кереғар ағымдар мен өзге діндердің жетегінде кетіп жатқан өскелең ұрпақтың тура жолда, әділ ұстанымда жүруіне ықпал етеріміз сөзсіз. Өйткені дін деп еліміздің төрінен орын алған өзге діни бірлестіктердің ел арасына сынадай еніп, түрлі алауыздықтарды тудыруына жол беріп алып жүргеніміз ащы да болса шындық. Міне осылардың барлығына тосқауыл – жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру болып саналады. Ендеше дінтану пәні мұғалімдеріне артылар жүктің салмағы да басымдау секілді...


 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі