«Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен қысқы спорт түрлерін насихаттауға бағытталған көпшілік шара өтті
09.02.2018 12:59

Бүгін «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ертең Оңтүстік Корея елінің Пхенчхан қаласында шымылдығын түретін ХХІІІ қысқы олимпиада ойындарына қатысатын отандастарымызды қолдау, бұқара арасында қысқы спорт түрлерін насихаттауға бағытталған көпшілік шара өтті.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 600-дей шаңғышы қатысқан акцияны облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова ашып, күллі әлем көз тіккен қысқы олимпиаданың маңыздылығына тоқталып, оған қатысатын қазақстандық спортшыларды, әсіресе жерлестеріміз Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиевті Ақжайық жұртшылығының да қолдайтынын айтты. Абзалдың дүбірлі додада еліміздің көк байрағын алып шығатынын мақтанышпен атап өтті. Бұдан соң олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионова мен Азия және әлем чемпионы Артур Үмбетқалиев сөз кезегін алып, қысқы олимпиадада бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың біріншіден елге аман-есен оралуына, екіншіден қанжығалары бос қайтпауына сенім білдірді. Өнерпаз студенттер акцияны «Алға», «Қазақстан» секілді патриоттық әндермен шырайландыра түсті. 
Көпшілік сырғанау «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінен басталып, «Самал» туристік лагерінде мәреге жетті.

1

2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан