Тұрғындарға тарту |
08.02.2018 9:31 7-ші ақпан күні жергілікті тұрғындар Деркөл Мәдениет үйінде №1 Балалар өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары ұйымдастырған «Біз – бақытты елдің болашағымыз» атты концертті тамашалады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шарада №1 Балалар өнер мектебінің ұжымдары қазақ халық аспаптары оркестрі (жетекшісі Б.Қуанғалиева), би ұжымдары (жетекшілері Г.Асқарова, Қ.Нұрғалиева), хор ұжымы (жетекшілері Э.Рахымбердина, Иванова), қобызшылар және ұстаздар ансамбльдері өнер көрсетті. |