"Химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту: бүгіні мен болашағы" тақырыбында семинар өтті

07.02.2018 15:10

Бүгін дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде "Химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту: бүгіні мен болашағы" тақырыбында семинар өтті. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, теxникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу әдістемелік кабинеті мен Сәкен мектебі бірлесе ұйымдастырған шарадааталмыш білім ордасының ұстаздары ашық сабақтар өткізді.

Физика пәнінен А.Божкенованың "Электр тогының энергиясы", биологиядан А. Хабдолланың "Табиғи сұрыптау", xимия пәнінен С.Мирсайтовтың "Қышқылдардың xимиялық қасиеттері" тақырыбында жүргізген сабақтары қатысушыларға ой саларлықтай деңгейде өтті. Сондай-ақ үштілділікке арналған басқосу фидбэк, білім көрмесі мен шеберлік сыныптарына ұласты.

1

2

3

4

5

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан