Роботты техникаға оқыту басталды
05.02.2018 17:36

Болашаққа жылжып келе жатқан жоғары технологиялар, соның ішінде роботты техника да  — ғарыш, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныс және басқа көптеген салаларда пайдаланылады.

Бұл – уақыт талабы. Облыстық білім басқармасының білім беруді ақпараттандыру орталығында ағымдағы жылдан бастап роботты техника кабинеті жұмыс жасайды. Ал роботты техника негіздеріне балаларды орталықтың оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Гүлзат Жагиева оқытады. Бүгін қаламыздағы №1 мектептің 7-сынып оқушыларымен роботты техникадан алғашқы сабақ басталды. Білім беруді ақпараттандыру орталығына біртіндеп қала мектептерінен сұраныс түсуде. Орталық балаларды роботты техникаға оқытуға дайын. Сабақ бес күнге негізделген. - Бүгін алғашқы сабақта роботтың өзін құрастырамыз. Ертеңнен бастап роботты жүргізумен айналысамыз. Тақырып бойынша қазір слайдпен жұмыс жасаймыз. Былайша айтқанда, роботты техниканың жалпы курсының негіздерін оқытамыз. Қызығушылығы бар бала әрі қарай өзі-ақ алып кетеді. Мектепте роботты техника факультатив ретінде оқытылады. Факультативті арнайы курстардан өткен информатика пәнінің мүғалімдері жүргізеді. Қазір роботтар барлық мектептерде бар, - деген Гүлзат Серікқызына «Роботты техника не үшін қажет?» деген сауал қойдық. Тәжірибелі маман бұл сауалдың жауабын былайша тарқатты: – Біріншіден, бұл – әлемдегі ғылыми зерттеулердің басым бағыты саналады. Роботтар өндірістің жоғары технологиялық салаларына еніп, біздің өмірімізде күнделікті тұтынатын теледидар немесе телефон сияқты қалыпты затқа айналуда. Ерте ме, кеш пе адамның көмекшілері роботтар болмақ. Олардың бірқатар қауіпті және ауыр жұмыстарды өз мойындарына алатынына ешкім күмән келтіре алмайды. Инженерлер құрастырған және программалаушы роботтар қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие, келешекте де сұраныста болады.

Екіншіден, роботты техника сабақтары білім беру стандарттарының талаптарымен үндесіп отыр. Робот құрастыру үрдісі балалар үшін шығармашылық ізденіс. Өйткені берілген тапсырмалардың дайын жауаптары жоқ. Сондықтан жаңаны іздеу үшін, бұрынғы бар білімін пайдалануға тура келеді. Баланың жан-жақты ойлау, логикалық, конструкторлық дағдылары дамиды, математикада және физикада алған білімін тәжірибеде қолдану үшін оқиды, командада жұмыс істеу арқылы қателерді талдауға, жаңа дүниелер ойлап табуға үйренеді.

Үшіншіден, роботты құрастыруды меңгеру – тұлғаның дамуы үшін мақсат қоя білуге негізделген шығармашылық іс-әрекеттік тәсіл. Компьютерлік технологиялар заманында өмір сүретін жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған дүние. Курс аясында оқушылар әлемдік роботты техниканың жетістіктері және даму бағыттары туралы біледі, Лего-роботтарын программалайды және деректер моделін құрастыруды ойлап табады.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

5 6

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан