Балауса көңілге қаяу түспесін десек...
31.01.2018 16:59

Бүгін «Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті. Оны облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырды.

Семнар жұмысына аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік-психологиялық қызмет бойынша әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер қатысты. Басқарманың тәрбие жұмысы және профилактика бөлімінің басшысы Роза Зайнуллина жыныстық тиіспеушілікке қарсы алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы сөз қозғады. - Соңғы уақытта жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық оқиғасының көбірек тіркеліп отырғаны ащы да болса шындық. Өткен жылмен салыстырғанда бұл сипаттағы оқиғалардың тіркелуі 78 пайызға кеміген. Алайда бұл жұмысты төмендетуге ешқандай себеп емес. ҚР Бас прокуратурасының бекітуімен «Балаларды бірігіп қорғайық» деген ауқымды жоба өткен жылдан бері жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында білім беру мекемелеріне қандай тапсырмалар беріліп отыр? Біріншіден, балалардың әртүрлі санаттары бойынша талдау жасауымыз керек. Әсіресе бұл жерде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар зорлық-зомбылыққа бейім ортада тәрбиеленіп отырған балаларды бақылауға алуымыз керек. Яғни, мектептің әлеуметтік педагогы ол баланың отбасында жиі болып, мектептегі сынып жетекшісімен, сондай-ақ пән мұғалімдерімен күнделікті оның психологиясында болып отыратын өзгерістерді бақылап отырғаны дұрыс. Әсіресе толық емес, отбасында жақын ағайындарымен немесе өгей әкесімен бірге тұратын қыз балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларды, жетім балаларды, интернат үйінде тәрбиеленуші қыз балаларды ерекше бақылауда ұстау қажет болады. Зорлық-зомбылыққа 5-6 жасар қыз балалардың ұрынып отырғаны жанды ауыртатын оқиға. Сондықтан біз мұның алдын алып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуіміз керек, - деген Роза Оңғарбайқызы бұған дейін орын алған келеңсіз оқиғаларды мысалға алып, осындай жан түршігерлік жағдайлардың алдын алуға жұмылуға шақырды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Орал қалалық әйелдерге арналған оңалту және бейімделу орталығының заңгері Мариэтта Дәулетиярованың айтуынша, орталық ашылғалы 951 адамға көмек көрсетілсе, оның 295-і орталықты паналаған. Соның ішінде 121-і әйел, 174-і балалар екен. - Орталыққа келген балалардың әлеуметтік-психологиялық проблемалары – психомоторлық тежеулік, танымдылық белсенділігінің төмендігі, қорқыныш пен үрейдің басымдығымен ерекшеленеді. Жасөспірімнің жанұяда жанжалды бастан кешіп жүргенін, оның мінезіндегі өзгерісті ұстаздары байқап, жеке әңгімеге тартып анықтауы қажет. Себебі жас бала көрген зорлығын, үреймен жүріп, айналасындағыларға айта алмауы мүмкін, - деді Мариэтта Тарханқызы. Қалалық №3 емхананың акушер-гинекологі Салима Бисембаева кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, Теректі ауданы Шаған орта мектебі директорының орынбасары Гүлдариға Амандықова өмірдің қауіпті жағдайлары және оны болдырмау, «Жас Ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығының психологі Бибінұр Салықова зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру жолдары жайлы сөз қозғады.

«Баланың болашағына балта шабылмасын, балауса көңілге қаяу түспесін» деген тараптар осылайша ой-ұсынымдарын ортаға салып, бірлесе жұмыстануға ниеттеніп тарасты. Иә, жас ұрпақты жәбірлеуге жол бермеуіміз қажет. Бұл – тек білім беру ұйымдарының ғана емес, тұтас қоғамның атсалысатын мәселесі. Ендеше, жас шыбықтай солқылдақ келетін ұл-қызымызға абай болайық, ағайын.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан