Әдістемелік идеялар фестивалі
31.01.2018 16:55

Бүгін облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы өтуде.

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің базасында өткізіліп жатқан фестивальге техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, барлығы 21 адам қатысуда. Басқарма жанындагы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Райгүл Қуаншалиева байқаудың мақсаты – бәсекеге қабілетті маман даярлауда озат тәжірибелері бар шығармашылықпен жұмыс жасайтын инженер-педагогтерді анықтау, білім беру процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу, олардың әдістемелік жұмыстарын жетілдіру, озық-іс-тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби имиджін және әлеуметтік позитивін қалыптастыру екенін атап өтті. – Бұл фестиваль екі жылда бір рет өткізіледі. Байқау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Менің қоржыным» деп аталады. Қатысушылар ережеге сай өз жұмыстарын алдын ала әкеліп тапсырған болатын. Барлығы да келесі деңгейге өтті. Екінші бөлімде «Әдістемелік идея: «Не? Не үшін? Қалай?» деген тақырыпта эссе жазады. Содан кейін  «Менің әдістемем» тақырыбында жобаларын қорғайды. Сондай-ақ «Менің әдістемелік идеям» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізеді. Яғни теорияны практикамен ұштастыру арқылы әдістемелік ойдың мазмұнын презентациялайды, - деді Райгүл Тілекқабылқызы. Байқауға қатысушылардың бірі, Теректі колледжінде тарих пәнінің оқытушысы Ағжан Аманғалиева осындай игі шараларға қатысудан бас тартпайтын ұстаз. Керісінше, көптеген білім додаларында бақ сынап, іс-тәжірибесін әріптестеріне үйретіп те, үйреніп те жүр. Атамыш колледжде 17 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ол әдістемелік идеялар фестивалінің берері көп болады деп есептейді.

Бұл күні қонақтар экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің инновациялық әлеміне экскурсия жасады. Ал байқау жеңімпаздары бүгін түстен кейін белгілі болмақ. Бізбен бірге болыңыздар!

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі