Суицидке бейім балалармен жұмыс күшейтілмек
30.01.2018 17:29

Бүгін қаладағы №4 мектептің мәжіліс залында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оған қалалық және аудандық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.

Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Гүлсая Тулешова «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг және суицид превенциясы» тақырыбында баяндама жасады. Қазіргі білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің өзекті мәселесінің бірі – ол буллинг немесе мектептегі қорлау десек, Гүлсая Мұратханқызы оған – тұтас әлемдегі білім беру мекемелерінің ортақ проблемасы деп нақтылады. Буллинг – ағылшын тілінен аударғанда бұзақы, төбелесқұмар, ұрыншақ, тұрпайы, зорлықшыл дегенді білдіреді екен. Яғни, бір адамның  өзінен физикалық және моральдық тұрғыда әлсіз екінші бір адамға шабуыл жасауы, қысым көрсетуі, күш қолдануы. Мектептегі буллингке балалар ғана емес, педагогтер де қатысады. Яғни, буллинг құрбандары балалар да, педагогтер де болуы мүмкін. Буллер ретінде балалар да, ересектер де озбырлық жасауы мүмкін. Әдетте буллингке бірнеше тарап қатысады: буллерлер, құрбандары және куәгерлері. Қудалаушылардың көбіне-көп үлгерімі төмен болып келеді, сабақты жиі жібереді, төбелес, ұрлыққа, алкоголь мен шылым шегуге бейім болады. Оларды ешқандай ереже тоқтата алмайды, көздеген мақсатына жету үшін күш қолданады.

Мектептегі буллингтің әдеттегі құрбандарына ортақ сипаттама беруге болмайды. Буллинг құрығына кез келген бала ілінуі мүмкін. Өздеріне сенімсіз, мазасыз, уайымшыл, ұжымда достары жоқ балалар қудалауға өзгелерден көп ұшырап жатады, - деген баяндамашы американдық зерттеушілерге сілтеме жасап, буллингтің 8 негізгі типін ажыратып берді. Олар - 1. Сөзбен қақтығысу (флейминг), 2. Орынсыз шабуылдау, 3. Жала жабу, біреудің атын жамылу, 4. Алдампаздық, құпия ақпаратты алдау арқылы біліп алып тарату, 5. Бөлектену, бойын аулақ салу, 7. Киберқудалау, 8. Хеппислепинг. Міне, аталған буллингтің шырмауына түскен жасөспірімдер көбіне-көп тығырықтан шығудың жолын таппай, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүр болады. Яғни, мектеп психологтері балалардың арасындағы буллерлерді ертерек анықтап, жүйелі жұмыс жүргізгенде ғана, бұл келеңсіздіктерге тосқауыл қойылары сөзсіз. Әдіскер аудандардан жиылған психолог-тренерлерден осы мәселеге көбірек назар аударып, психолог-мамандардың басын қосып, семинар өткізуді тапсырды.

Гүлсая Мұратханқызы облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 31 наурыздағы №221 бұйрығы негізінде облыстағы мектептер мен колледждерде кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтердің алдын алу жөніндегі жобаны енгізу туралы бұйрығы бекітілгенін атап кетті. Аталған бұйрық негізінде былтыр сәуір айында 8-11 және қыркүйекте 8-сыныптың оқушылары арасында суицидтік мінез-құлықты тәуекел тобына жататын кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында сауалнама өткізілген. Сауалнама нәтижесі бойынша, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым аудандары, Орал қаласы, облыстық №8 мектеп пен санаториялық мектепті қосқанда, барлығы жоғары қауіп-қатер тобындағы - 32, тәуекел тобындағы 62 оқушы анықталған.

Бұдан соң БҚО психикалық денсаулық сақтау орталығының психологі Гүлфия Нұрымова «Жоғары қауіп-қатер» және «Тәуекел» тобындағы балалар мен жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру жолдары» тақырыбында өз іс - тәжірибесімен бөлісті. Әрине, тәжірибелі маманның балаларды суицидке итермелейтін себептерді тұрмыстағы жағдаяттармен байланыстыра түсіндіруі өте әсерлі болғанын айтып өткен жөн. Әсіресе жұмысын жаңадан бастаған жас психолог-педагогтерге қажетті әрі пайдалы көп ақыл-кеңестер берді.

Ал түстен кейін семинардың практикалық бөлімінде №20 мектеп психологі А.Искужина оқушылармен «Өз-өзін түсіну және өзгемен келісе білу», Теректі ауданы, Подстепный №1 мектеп психологі Татьяна Туленова педагогтермен «Қауіпсіздік дәлізі» тақырыптарында жұмыс жүргізсе,  «Қоршаған ортаға позитивтік қарым-қатынасты қалыптастыруда жасөспірімдердің жеке тұлғасын жетілдіру арқылы қиыншылықтарды шешу» тақырыбында ата-аналармен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері  Г.Тулешова тренингтер өткізіп, семинар соңында ұсыныстар қабылдады.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан