Байқау өтті
26.01.2018 17:55

Бүгін №19 мектеп базасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2018» облыстық байқауы өтті.

Аудан, қала, облыс мектептерінен 15 бастауыш сынып мұғалімдері аталмыш додаға қатысып, бақ сынады. Байқаудың 1-ші танымдылық кезеңінде қатысушылар таныс емес 1-4 сыныптарға сабақ берді. Ұстаздар жаңартылған білім мазмұнының элементтерін 3-4 сыныптардағы сабақ үрдісінде де қолдана білді. Айталық, Жаңақала орта мектебінен келген Гүлбаршын Ілиясованың қазақ әдебиеті пәнінен «Туған жер құдіреті» тақырыбындағы сабағы жаңартылған білім мазмұнымен үндесіп жатты. – Біз бүгін «Бала Шоқан» повест үзіндісінен өткенді қайталай отырып, Ескен Елубайдың Жайық пен Ертіс өзендері туралы өлеңін жаңа сабақ ретінде оқыдық. Сабақ барысында балаларға әртүрлі деңгейлік тапсырмалар ұсынылды. Балалар берілген тапсырмаларды өте қызығушылықпен орындады. Осы сабақтың көлемінде рефексия жасап, қорытындыладық. Сайысқа 20 жыл өтілімнен шығармашылық жобамды алып келдім. Жаңартылған бағдарлама бойынша материалдарымды шеберлік сыныбында ұстаздармен бөлісуге бекініп отырмын. Бүгін маған 4-сынып түсті. Балалар өте белсенді, ойларын ашық айтып, дәлелдеуге машықтанған, - деп сабағы туралы айтып өтті. Ал Бөкей ордасы ауданынан сайысқа қатысқан Анаргүл Исмағұлова жаратылыстану пәнінен «Ауаны зерттеу» тақырыбындағы сабағын 2-сыныпта өткізді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткен сабаққа балалар белсенділікпен қатысып отырды.

Білім-тәжірибелерін сарапқа салушы ұстаздар бұдан соң оқу материалдарын игеру деңгейін, құқықтық, педагогикалық-психологиялық білімдерін, санитарлық-гигиеналық талаптар мен пәндік білімдерін анықтау мақсатында тест тапсырмаларын орындады. Ал байқаудың 2-ші бөлімінде «Ізденіс. Шығармашылық. Нәтиже» тақырыбында жобаларын қорғады. №21 мектеп базасында шеберлік сыныптарын өткізіп, таңдау пәндері бойынша сабақ үлгісін көрсетті.

Аталмыш байқауда Бас жүлдені Орал қаласындағы №44 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Венера Кукенова жеңіп алды. 1-ші орынды жаңақалалық Гүлбаршын Шарафутдинова, 2-ші орынды бөрлілік Ирина Биянко, 3-ші орынды ақжайықтық Гүлжанат Батыровалар тең бөлісті. Әділ қазылар "Үздік инновациялық жоба" аталымына Шыңғырлау ауданынан келген Балкенже Самиеваны, "Үздік жаңашыл педагог" аталымына Жәнібек ауданынан келген Гүлжайнар Қожағалиеваны, "Инновациялық әдіс-тәсілдер қолданушы" аталымына тасқалалық Дамира Балмулдинаны лайық деп тапты.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

5 6

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан