Тағы бір білім ордасы іске қосылды

Кеше Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында №8 мектеп ел игілігіне өтті. Жаңа білім ұясының ашылуына облыс әкімімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов арнайы келіп, жиылған ел-жұртты, ұстаздар қауымы мен шәкірттерді құттықтады.

- Бүгінгі қуанышыңызға ортақтасуға облыс орталығынан арнайы келдік. Елбасының тапсырмасына сәйкес сіздерге зәулім мектеп ғимараты табыс етілгелі отыр. Білім саласына құйылған инвестицияның он-он бес жылдан кейін экономикаға бес есе қайтарымы болады. Елбасымыз білімге әрдайым көңіл бөледі. Мұның дәлелі – биылғы Жолдауында білім саласын, адами капиталды дамытуды он бағыттың ішіндегі негізгісі ретінде атап көрсетті. Соның арасында біз 2025 жылға дейін жаңартылған білім мазмұнына толығымен көшетін боламыз. Жаңартылған оқулықтар сатып алып, компьютермен қамтамасыз етеміз, педагог-кадрлардың білім-біліктілігін арттырамыз. Елбасымыз айтқандай, цифрландыру мәселесі де қолға алынады. Мұның бәрі білім сапасын жоғарылатуға сөзсіз әсерін тигізеді, - деген Ғабидолла Абдоллаұлы жаңа білім ошағының еліміздің дамуына үлес қосатындай азаматтар тәрбиелеуіне, сапалы білім беруіне тілектестігін білдірді.

Аталмыш мектеп диреткорының міндетін атқарушы Жанар Жақсығалиева да жаңа мектептің ашылғанына ризашылығын білдірді. – Бұл мектепте Аралтал ауылының және Бестау, Березов ауылдарынан қоныс аударған отбасылардың балалары білім алатын болады. Мектебіміздің жобалық қуаты - 300 орындық, аралас тілде білім береді. Ұстаздардың көпшілігі Березов ауылынан келді. Білім ұясының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуына келсек, төрт  лингафон кабинеті, екі информатика, ұлдар мен қыздарға арналған дербес технология кабинеттері, мультимедиялық кабинеттер жұмыс жасайды. Сондай-ақ балаларымыз робот техникасымен де жұмыстанатын болады. Бүгін тарих кабинетінде 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен спикерлер клубының отырысы өтті. Оған біздің ауданымыздың түлектері, «Болашақ» бағдарламасымен білімдерін шыңдап келіп,  еңбек етіп жатқан мамандар арнайы шақырылды. Оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау үшін кәсіби бағдар беруді, үштілділікті насихаттауды мақсат еткен мұндай басқосулар өз жемісін береді деп сенеміз, - деді Жанар Максимқызы.

Березов ауылынан қоныс аударған тарих пәнінің мұғалімі Қымбат Айтенова жаңа білім ошағында қызметін жалғастырмақ. - Қоңырау кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған бұрыштар бар. Мәселен, балалар бірде шахмат ойнаса, бірде жол қауіпсіздігі белгілерімен, ережелерімен танысатын болады. Жалпы, баланың білім алуына барлық жағдайлар жасалған, толық мүмкіншілік бар, - деп сөзін түйіндеді.

Әрине, бұл күн - Аралтал тұрғындары үшін де өте сәтті күн екенін естен шығармаған жөн. Ауыл тұрғыны Жаңылсын Нургушбаева балаларының заманауи құрылғылармен жабдықталған мектепте оқитынына дән риза. Елбасының түзу саясатының нәтижесін көріп отырмыз. Мынадай жан-жақты жабдықталған мектепте біздің балаларымызға сапалы білім беріледі деп сенеміз,  - деді Жаңылсын апай. Өзге балалар секілді 8-сынып оқушысы Жанболат Таңатаровтың да қуанышы қойнына сыймай жүр екен. Жайлап сөзге тартып едік, ағынан жарыла кетті.  – Футбол ойынын жақсы көремін. Сабақтан тыс уақытта, спорт залында ойындар ұйымдастырамыз. Мектебіміз кең, жарық әрі жылы. Маған өте ұнады, - деген Жанболат жақсы оқуға уәде берді.

Біз бұл сапарда қарапайым жұртшылықтың Елбасының білімге деген, халқына деген қамқорлығын сезінулі екенін аңғардық. «Берсең балаға бер» демекші, еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың жүздерін жадыратқан тағы бір білім ордасы осылайша өз жұмысын бастады. Сәттілік!

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

5 6

7 8

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан