Ел игілігіне – жаңа мектеп!

Облыс орталығы тағы бір жаңа білім ошағымен толықты. Деркөл кентіндегі Сарыарқа шағынауданында 600 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Жергілікті тұрғындар көптен күткен білім ұясының ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысып, құттықтау сөзін арнады.

- «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3,5 млрд.теңге қаражат бөлініп, 2400 баланы қамтитын төрт мектептің құрылысына бағытталып отыр. Бүгін сіздің шағынаудандағы жаңа мектептің ашылуына куә болдық. Ата-аналардың да, балалардың да, ұстаздардың да көңілдерінен шықты деп есептейміз. Өздеріңіз естігендей, биыл Елбасының Жолдауында білім саласына аса маңыз берілді. Бұл мемлекеттің білімге деген қамқорлығы, Елбасының білімге деген оң көзқарасы деп білеміз. Білім саласына мемлекет әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Елбасының Жолдауына сәйкес биыл мұғалімдерге 30 пайыздан 50 пайызға дейін жалақысы  көтерілуде. Бұл да айтарлықтай қолдау. Құрметті ұстаздар, балаларымыздың терең білім алып, елімізді алға жетелейтіндей азамат болуы сіздерге байланысты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін. Жетістіктеріміз көп болсын. Осындай білім ошақтары көбейе берсін, - деді Алтай Сейдірұлы өз сөзінде.

Жаңа мектептің іші жүздері бал-бұл жанған шәкірттер мен ризашылық сезіммен алғыстарын арқалап келген ата-аналарға толды. Бәрі де былтыр наурыз айында құрылысы басталған мектептің ұзамай пайдалануға берілгеніне бек қуанышты. №12 мектептің 8-сынып оқушысы Дана Абдулшаева енді жаңа оқу ордасында білім алатынын мақтанышпен әңгімеледі. –  Мектепке жақын жерде тұрамын. Бұрын №12 мектепке автобуспен тасымалданып жүрдік. Қолайсыздықтар көп болды. Енді сабаққа жаяу барып, жаяу келеміз. Бастауыш сынып оқушыларына да жеңіл. Мектебіміз кең, жарық әрі әдемі екен, - деп ағынан жарылды. Ал кент тұрғыны Мақсот Тоқтар бұрынғы Тайпақ, қазіргі Ақжайық ауданында 38 жыл ұстаздық, оның 20 жылында мектеп басшылығында қызмет еткен. Білім саласында тер төккен ардагер жаңа мектептің заманауи мүмкіншіліктеріне аса разы. - 1982 жылы жаңа мектепке көшкеніміз есімде. Сонда қалай қуандық. Шын мәнінде, ол кездегі мектептер мына білім үйінің ширегіне де тұрмайды екен ғой. Осындай мектепте білім алатын қазіргі ұрпақтың арманы жоқ,  - деп таңданысын жасыра алмады.

«Альтаир» ЖШС-ның мердігерлік етуімен құрылысы сәтті аяқталған білім ордасы алты блоктан тұрады. Бұл мектептің бір ерекшелігі – компьютер кластары өте көп, 176 компьютермен жабдықталған. Төрт мультимедиялық кабинет, төрт информатика кабинеті, екі спорт залы, екі шеберхана, 200 орындық мәжіліс залы бар. Кадр мәселесі де оңтайлы шешілуде.  - Мұнда барлығы 32 мұғалім еңбек етеді, 25 педагог  №12 мектептен ауысып келмек. Мектеп жанында шағын орталық жұмыс жасайды, оған төрт топқа 100 бүлдіршін қабылданады, - деді мектеп директоры Нұржан Алпысбаев.

Салтанатты жиында бас мердігер «Альтаир» ЖШС-ның директоры Сергей Потиченко мектеп басшысына жаңа ғимараттың кілтін табыс етсе, кент тұрғыны Мақсот Тоқтар мен оқушы Дана Абдулшаева лента қию рәсімін жасады. «Жақсыны көрмекке» демекші, бұдан соң жиылған жұртшылық жаңа нысанның ішін армансыз аралап көрді.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

5 6

7 8

9 10

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан