Оқу үдерісіне көптілділікті енгізу – уақыт талабы

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Оқу үдерісіне көптілділікті енгізу» тақырыбында коучинг өткізді. Оған шаһарымыздағы облыстық статусқа ие білім ұяларының және кәсіптік-техникалық білім беретін колледждердің директорлары қатысты.

Шараға аталмыш колледждің директоры Серік Мұхамбетәлиев модераторлық етті. Қатысушылар үстелдерге қойылған бейджиктер мен қағаздардың түсі бойынша топтарға бөлінді. Шара барысында ұйымдастырушылар қонақтардың көңіл күйлерін білу үшін смайликтерді пайдаланып отырды. Тағы бір қызықты сәт – қатысушылардың орындарынан тұрып коучпен бірге билеп, кірпінің әрекеттерін қайталағаны болды. Бұл кездесудің жеңіл әрі сергек өтуіне мүмкіндік берді.

Бұдан соң төрт топқа бөлінген қатысушылар «Біздің қоғамға көптілді меңгерген ұрпақ қажет пе?», «Шетелдік оқытушыларды кәсіптік-техникалық білім жүйесіне тарту үшін қандай шаралар қабылдануы кажет және оларды кім жүзеге асырады?», «Көптілділікті енгізу кезінде басшының алдынан кездесетін қиындықтар», «»Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыған студенттің болашағын қалай елестетесіз?» деген сұрақтарға ватманға жазу арқылы топтасып жауап берді. Және осы сұрақтар коучингтің басты тақырыбына айналды. Жиналғандар ой-пікірлерін осы төрт сауалдың төңірегіне топтастырды.

Басқосуда талқыланған мәселенің өзектілігінде сөз жоқ. Көптілділікті енгізу – уақыт талабы. Бәсекеге қабілетті болу үшін әрі көптілділікті енгізу бойынша әрбір оқу орыны өздері жеке жұмыстануы керек. Яғни, өз мамандарын шетелде оқыту немесе шетелден маман шақырту оқу орындарының өз құзырында. Қатысушылардың ойынша, бұл мәселені орталық мемлекеттік органдарсыз шешу мүмкін емес. Оқып келген күннің өзінде ол маманның жеке дамуына мүмкіншілік беретін тілдік орта жоқ. Ағылшын тілінің деңгейлік курстарынан өткен мамандардың көпшілігі әрі қарай өз-өздерін дамыта алмай жатады. Кейбір қатысушылар үштілділік мәселесі колледжге дейін шешілуі керек деген ой тастады. Яғни, ағылшын тілін үйрету балабақшадан басталуы керек. Бұл орайда көптілділікті оқу үдерісінде енгізуді жолға қойға Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің директоры Серік Мұхамбетәлиевтің тәжірибесі әріптестеріне ой тастады.  – Құрметті әріптестер, барлығыңызға бүгінгі коучингке белсене атсалысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Отырыстың қорытындысы бойынша әдістемелік нұсқаулық жазып, ой-пікірлеріңізді енгізетін боламыз. Үштілділікті енгізу мәселесі біздің колледжде осыдан үш жыл бұрын басталды. Бүгінде кәсіптік-техникалық білім саласына, құзыретті, кәсіби маман даярлауға көп көңіл бөлініп отырғанын білесіз. Біз өзіміздің жоспарымызға сай ең әуелі ұстаздарды халықаралық деңгейде оқытуды қолға алдық. Бұл орайда екі мұғаліміміз «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда білім алып келді. Екіншіден, ұстаздарды шетелде тәлімгерліктен өткізуге жол аштық. Өзім бастап Сингапурда оқып келдім. Менен кейін бес мұғалім Сингапурға барып, білімдерін жетілдірді. Екі мұғалім - Финляндияда, бір мұғалім Германияда, бір мұғалім Малайзияда білімдерін шыңдады. Яғни, мұғалімдер әрбір сала бойынша, үштілділікті енгізу бағытында тәлімгерліктен өтіп келіп, өз ішімізде курстар жүргізе бастады. Одан бөлек үш жыл ішінде 53 мұғалім тіл үйрену орталықтарында бастауыш және жалғастырушы курстардан өтті. Ағылшын тілінде сабақ жүргізе алады деген мұғалімдерді сабақ кестесіне енгіздік. Сонымен бірге барлық мамандықтар, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша ағылшын пәнінен беретін мамандарымыз әдістемелік оқулықтарын даярлап, студенттерге ағылшын тілінен қосымша курстар өткізуде. Қазір үш пәннің сабақтары ағылшын тілінде жүргізіледі. Үштілділікті оқу үдерісінде қолданып қана қоймай, студенттер комитеті, өзін-өзі басқару комитеті үштілділікке байланысты әртүрлі шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрады, -деді Серік Хайырұлы.

Бұл күні «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш жыл Ұлыбританияда оқып келген, арнайы ақпараттық пәндер оқытушысы Ләззат Рамазанова мен Финляндияда тағылымдамадан өткен арнайы пәндер оқытушысы Әсел Ғалиасқарова өз сабақтарында қолданып жүрген заманауи технологияларымен бөлісті. Сабақ барысында CLIL әдістемесін, Plickers.com секілді платформаларды, ұялы телефондар мен планшеттерді қолданып жүрген мамандар қатысушыларды оқушы ретінде алып, сабақ үрдістерін көрсетті.   
Біз коучинг кезінде Назарбаев зияткерлік мектебі директорының халықаралық орынбасары Рокко Уорренмен тілдестік.

- Мен Чикагодан келдім. Иллинойс университетінде оқып, магистратураны тәмамдадым. Білім саласында жұмыс істедім. 40 жасқа дейінгі терең білім алып, кәсіби тұрғыда шыңдалдым. Сөйтіп, өзге мемлекеттерге бару туралы ойландым. Әрине, маған Италия, Испания сияқты елдерге баруға болатын еді. Бірақ мені Назарбаев зияткерлік мектебі сияқты Қазақстандағы жобалар қызықтырды. Маған мүлде бейтаныс елді көргім келді. Міне, бүгінде Қазақстанның жедел дамып келе жатқанына куәміз. Менің байқағаным, зертханалық мектептер өз тәжірибелерін басқа мектептерде жалғастыруда. Мені тағы бір таң қалдырғаны – мұндағы ұстаздар қауымы өз жұмысына шын берілген, оқушылардың да зейіні өте жоғары, білімге құмар.

Облыс әкімі маған ауыл мектептеріне барып, тәжірибеммен бөлісуді ұсынған еді. Мен бұған дейін де бірнеше ауылдық мектепте болдым. Әрине, маған айтылған ұсыныс өте орынды. Ауылдық жерлерге баруға мүмкіндік бар деп есептеймін. Бүгінгі өтіп жатқан семинардың кешегі Президенттің Жолдауымен сабақтас екенін түсіндім. Қазақстандағы тіл саясатына немқұрайлы қарамай, білім жүйесі басшыларының өз ойларын ортаға іркілмей салып, көптілділікті дамытуға тырысып баққандары ұнады. Мен мысалы бір тіл – ағылшын тілін ғана білемін, - деп ойымен бөлісті Рокко мырза.

Білім беру ұйымдарының басшылары көптілділікті енгізу туралы нақты бір шешімге келмесе де,  оны жүзеге асыру жолдарын ортақ қазанда талқылау сәтті болғанын байқадық. Ал көтерілген мәселе жақын келешекте жемісін береді деген үміттеміз.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан