Кәсіптік білім алуға шақырды
22.01.2018 17:38

Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп атаған биылғы Жолдауында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңартуды, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруды жүктегенін білеміз. Яғни, алғашқы мамандықты жастарға мемлекет береді, ал ел Үкіметі бұл міндетті орындауы тиіс. Осы орайда, бүгін А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінде «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбымен өткен облыстық фестиваль балаларды қызықтыра алды ма? Оқушылардың жұмысшы мамандықтарға деген көзқарастары қандай? Кәсіптік бағдар беретін білім ошақтары еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлауға қаншалықты әзір? Міне, осы сұрақтарға біз бүгін облыстық білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған шарада жауап таптық.

9-сынып оқушыларына арналған фестивальге шәкірттер барлық ауданнан келді. Түске дейін А.Иманов атындағы жол-көлік, Орал ақпараттық технологиялар, Батыс Қазақстан индустриалды, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық және Технологиялық, Зеленов колледждері фестиваль қонақтарына презентация, бейнетаспа және шеберлік сағаттары арқылы өз ұйымдарының мамандықтарын жарнамалады. Балалардың қызығушылығын оятарлықтай түрлі көрмелер ұйымдастырды. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Райгүл Қуаншалиеваның айтуынша, облыс бойынша барлығы 38 колледж болатын болса, соның ішінде тегін кәсіптік-техникалық білім беретін ұйымдардың 12-сі осы фестивальге қатысып отыр. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Зәмзагүл Ғаббасова оқушыларды жұмысшы мамандықтармен таныстырып, бұл мамандықтардың біздің қоғамға қажеттілігін ұғындырудың, келешекте дұрыс таңдау жасауларына бағыт-бағдар берудің маңыздылығын жеткізді.

Шыны керек, біздің алты колледждің де аудиториясына кіруге мүмкіндігіміз болмады. Алайда кейбіреуіне бас сұғып, колледждердің мүмкіндіктерін балалармен бірге тыңдадық. Еңбек нарығына сай заманауи технологияны меңгерген, жоғары сапалы маман иелерін даярлап жүрген Технологиялық колледжі фестиваль қатысушыларына «Туризм», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» секілді мамандықтарды ұсынды. Тегін кәсіптік білім алушыға шәкіртақы төленетіні айтылды. - Технологиялық колледжде дайындалатын мамандықтар қазіргі нарықтық қоғамда кеңінен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары өзекті саналатынын білесіз. Біздің түлектеріміз әртүрлі кәсіпорындарда қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне елеулі үлестерін қосуда. Ең бастысы – колледж жанында барлық талапқа сай (ыстық суы мен жуынатын орыны бар) жатақхана жұмыс жасап тұр, – деген колледж директорының орынбасары Гүлжанар Ғилманова балаларды өздеріне білім алуға шақырды.

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі директорының орынбасары Гүлнара Кабулованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда колледждегі кәсіптік мамандықтарға оқушылардың саны – 470. Олардың 272-сі аз қамтылған жанұяның балалары, 20-сы тұлдыр жетім. Сондықтан  оларды тегін тамақтандыру қарастырылған. Колледж ағаш шебері, дәнекерлеуші, электрик, байланыс электр монтері секілді төрт мамандыққа оқытады екен. – Біз теориядан гөрі практикаға көбірек күш саламыз. Жиырма бестен астам әлеуметтік серіктестеріміз бар. Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша байланыс электр монтері және электр монтер мамандықтары бойынша елу студент білім алуда. Оның ішінде 7 жетім балаларымыз бар. Бұл мамандықтар Елбасының Жолдауы бойынша алғашқы түлектерін дайындауда. Ел Үкіметі тарапынан барлық жағдай жасалуда. Шәкіртақы төленеді. Бір әттегенайы жатақханамыз жоқ, алайда жатақхана салу колледждің жақын келешектегі жоспарында бар, - деп айтып өтті Гүлнара Қалауқызы.

Біз аталмыш шарадан алған әсерлерімен бөлісу үшін оқушыларды да сөйлеттік. Сөйтсек, ауқымы кең іс-шара нәтижесіз болмапты. Балалар кәсіптік-техникалық мамандықтарға кәдімгідей қызығушылық танытты. Тасқала ауданынан арнайы келген Нұргелді Рысқалиев Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде мұнай-газ саласы бойынша білім алуға бекініп отыр. «Қабырғаммен кеңесіп, ата-анаммен ақылдасып, соңғы шешімді үйге барғасын қабылдаймын», - деген Нұргелді кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтарын, көрген-білгенін ауылдастарына, мектептегі достарына жеткізуге асық. Ал Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылынан келген Нұрзада Сатымова білімін технологиялық колледжде жалғастырып, келешекте аспаз болғысы келетінін айтты. Жәнібектегі №1 мектеп-лицейінің шәкірті Ажар Мұстафинаның таңдауы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжіне түсіпті. Инженер-бағдарламашы болсам деген балауса тілекті біз де құп алдық. Зеленов ауданы Үлкен шаған орта мектебінің шәкірті Сезім Аманжолова тіптен таңғалдырды. Ол кәсіптік мамандықтармен жақынырақ танысқаннан кейін дәрігер боламын деген алғашқы ойынан айнып, автомеханик болуға көңілі ауыпты. Қалай болғанда да, балалардың ойы сан-сақта. Көздерінен ұшқын атқан жеткіншектер келешекте еліме пайдамды тигізетіндей мамандық иесі болсам деп тұрғандай көрінді маған.

Түстен кейін балалар Орал «Сервис» технологиялық, Республикалық жоғары техникалық, Сервис және жаңа технологиялар, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар, Экономика және ақпараттық технологиялар, Орал политехникалық колледждерін аралап, мамандықтарға қалай оқытылатынын тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік алды.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан