Мектепке дейінгі ұйым басшылары бас қосуда
17.01.2018 18:57

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе үстіміздегі жылдың 16-19 қаңтар аралығында қаламыздағы №47 «Бәйтерек» бөбекжайында «Мектепке дейінгі ұйымды басқаруды жаңғырту» тақырыбымен облыстық оқыту семинары өтуде.

Семинарға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша бас мамандары, әдіскерлері, мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдар басшылары, барлығы 200 педагог қатысуда.

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиеваның айтуынша, төрт күнге созылған басқосуда Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы насихатталып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізілген жаңалықтар пікірталас алаңында кеңінен талқылануда. Биыл облыстағы 18  мектепке дейінгі ұйымда «Бәрін білгім келеді» тәжірибе алаңдары ашылса, семинар аясында осы ұйымдар арасында «Шығармашылыққа шектеу жоқ» фестивалі өткізілмек. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың нормативтік құжаттары бойынша кеңестер беріліп, салалық департаменттер мамандары баяндамалар оқуда. Жиын барысында жас мамандарға және мектепке дейінгі ұйымға бүлдіршіндерін беріп отырған жас ата-аналарға әдістемелік жағынан қолдау боларлықтай мәселелер ортаға салынуда.

Аталмыш бөбекжайға жолымыз түскен соң, біз семинарға қатысушылардың да пікірін біле кетуді жөн көрдік. Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжайының директоры Сағима Серікқалиева облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының басын қосып, осындай пайдалы жиынды ұйымдастырып отырған білім басқармасына ризашылығын білдірді. - Күн тәртібінде мектепке дейінгі ұйымға қатысты барлық мәселелер жан-жақты қамтылған. Кеше семинардың бірінші күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысымен жүздесіп, көкейдегі көп сұраққа жауап алсақ, бүгін БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары келіп, жаңа санитарлық талаптармен таныстырды. Бұл семинар төрт-бес жылдан бері үзбей ұйымдастырылып келеді. Жылда саладағы тың өзгерістермен танысып, бағыт-бағдар аламыз. Өзім басқарып отырған «Бәйтерек» бөбекжайы 2012 жылы ашылды. Бүгінгі таңда 290 бүлдіршін он екі топта тәрбиеленуде. 87 қызметкер жұмыспен қамтылып, нәпақасын осы жерден тауып отыр. Оның ішінде  педагог-қызметкерлердің саны – 40. Бөбекжайымызда инклюзивті кабинет жұмыс жасайды. Оған мүмкіндігі шектеулі 30 бала тартылған, - деп ағынан жарылды Сағима Имангерейқызы.

Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №9 «Наурыз» бөбекжайының меңгерушісі Динара Әйтімова да семинардың өте ауқымдылығын алға тартады. – Кешеден бері бізге аса қажетті мәселелер сөз болуда. Нормативтік-құқықтық актілердің, заңнамалардың жыл сайын өзгеретіні жасырын емес. Ұйым басшылары бұл өзгерістерден хабардар боп отыруға тиіспіз. Әсіресе санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырысты жүргізу жағынан өз басым құнды кеңестер алдым. Мұның бәрі біздің алдағы қызметімізге көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Біз сияқты жас мамандар үшін инновациялық технологиялар – білім мен тәрбие сапасын арттырудың басты құралы десек, осы орайда ертең өтетін фестивальдің маңызы зор. Онда 18 бөбекжай өз тәжірибелерін көрсетіп, шеберлік сағаттарында тәжірибе алмасатын боламыз, -деді Динара Ажығалиқызы.

Семинардың бүгінгі бөлімінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің балалар, білім беру нысандарын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Асылжан Қуанышқалиева мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға басымдық берсе, облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының маманы Армат Мақсотов жиналғандарды Ұлттық білім беру деректор қорын пайдалануды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Авторизация



Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан