Білім саласына - тың серпін!

Бүгін қаңтардың 12-сі күні білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары ел Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылады.

Кеңес отырысын ашқан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова басқосудың Жолдауды кеңінен талқылап, түсіндіру мақсатында өткізіліп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарында оның насихатталуына басымдық берді. Басқарма басшысы Президент Жолдауының экономика және әлеуметтік саланың алдына 10 негізгі міндетті қойып отырғанын, жетінші міндеті – «Адами капитал – жаңғыру негізі» тікелей білім саласына қатысты екенін, Елбасымыздың «Білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді» құру бойынша нақты тапсырма жүктегенін атап өтті. Кеңес отырысында сөйлеген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарованың айтуынша, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау күн тәртібінде тұр. Оның кейбіріне тоқталсақ: 2019  жылдан бастап 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды ерте жастан дамытуды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әлеуметтік бейімделу стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік және мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы енгізіледі.

Сондай-ақ «Елбасының математика және жаратылыстану ғылымдарының сапасын күшейту керек» деген тапсырмасына орай білім беру ұйымдарында бұл  пәндердің оқытылуы бақылауға алынып, оқушылардың танымдық қабілеттері мен оларды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға талдау жүргізіледі.  Жолдауда цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру, үздік мұғалімдердің сабақтарын Интернетте орналастыру қажеттілігі айтылды. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашуы тиіс. Бұл орайда  облыстың білім басқармасы Жолдауда белгіленген міндеттерді басшылыққа ала отырып, облыс көлемінде интернетке қатынау мүмкіндігі жоқ мектептерді интернет желісіне қосу, жылдамдығын арттыру жұмыстарын және педагогтердің цифрлік қондырғыларды, электрондық білім ресурстарын оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды жандандыра бермек.

Сондай-ақ жиын барысында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының директоры Сәкен Талдахметов, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының директоры Шаймардан Шоныраев, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі директорының оқ-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Ботагөз Жазықбаевалар Жолдауды ұжым болып қолдайтындықтарын айтып, өз ой-пікір-ұсынымдарын әріптестерімен бөлісті.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Авторизация



Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан