Ардагерлер Жолдауға үн қосты
11.01.2018 15:42

Бүгін, қаңтардың 11-і «Батыс Қазақстан облысының білім саласы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері ел Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылады.

Жиынды аталмыш ардагерлер ұйымының төрағасы Өтебай Құспанов ашып, Жолдаудың он тармағы – ел дамуына бағытталған – он бағдаршам, орындалуы тиіс он межелі міндет екенін атап өтті.

- Әдеттегідей осы Жолдауда да тұтас бір тарау білім саласына арналды. Елбасы білім берудің сапасын басты назарда ұстап, 2019-2020 жылға дейін орындалатын нақты шараларды белгілеп, латын ғарпіне көшіруді кезең-кезеңмен іске асыру керектігін атап көрсетті. Жолдауда көтерілген мәселелерді бөліп-жарып қарай алмаймыз, Бәрі де еліміз үшін аса маңызды. Білім саласының зейнеткерлері болғандықтан, осы төңіректе айтылған дүниелер бізді бей-жай қалдырмайды. Зейнет демалысында жүрсек те, төл саламыздың жақсылығына сүйініп, әттегенайына күйініп отырамыз, - деген Өтебай Құспанұлы ардагерлерге сөз кезегін берді.

Ардагер-ұстаз Асқар Ақышев Елбасымыздың биылғы Жолдауының – бұрынғы Жолдаулармен сабақтастығын тілге тиек етті. Сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала келіп: «Жолдаудағы міндет-межелердің орындалуына біз, ардагерлер де атсалысамыз» деді. Басқосуда Ирина Кальченко да Елбасы Жолдауына қатысты үн қосты. – Мемлекет басшысының тегін кәсіптік-техникалық білім беруді жалғастыруды ұсынғаны қуантады. Бұл өте құптарлық бастама. Президентіміздің арманы Қазақстанды - ең үздік елдердің сапынан көру ғой. Ендеше, біздің білім жүйеміз де әлемдік деңгейде шоқжұлдыздай жарқырап тұрғанын қалаймыз, - деді Ирина Константиновна.

Жолдаудағы білім сапасын арттыру мәселесіне тоқталған Марат Қадыров кез келген елдің алға басуы, оқ бойы озық шығуы білікті мамандарға байланысты екенін жеткізді.  – Бәрекелдіге лайық тұсы – Елбасы педагог-кадрлардың еңбекақысын көбейтуді ұсынды. Әлемдегі мықты елдердің бірі – Қытай халық республикасында мұғалімдердың жалақысы мемлекеттік қызметкерлерден де жоғары. Бұл елдің экономикасының қарқынды дамуын өз басым олардың білімге деген құрметімен, педагог-кадрлардың еңбекақысының жоғарылығымен байланыстырамын. Ал Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау ұстаздарымыздың қолынан келетініне біз бек сенімдіміз, - деді Марат Сахипұлы.

Жиында ардагерлер, сонымен бірге 2017 жылдың жұмыс жоспарын қорытындылап, үстіміздегі жылы атқарылуы тиіс қызмет бағытын белгіледі.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Авторизация



Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан