Білім сайысы межеге жетті!

Қаңтардың 7-сі күні жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетіп, облыстық қазақ драма театрында жеңімпаздар марапатталды.

Салтанатты шара облыстық білім басқармасы жанындағы білім беруді ақпараттандыру орталығы мамандарының олимпиада күнделігінен дайындаған бейнеролигімен шымылдығын түрді.

Жиында қазылар алқасының төрағасы, педагогика ғылымдарының доценті Өтебай Құспанов білім сайысының нәтижелерімен таныстырды. Өтебай Құспанұлының айтуынша, биыл олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 18 719  (өткен жылы 14749), аудандық, қалалық кезеңге 3943 оқушы, (былтыр 3822) қатысқан. Облыстық кезеңге 428 оқушы өткенімен, түрлі себептермен 414 оқушы ғана білім сайысында 13 пәннен бақ сынауға мүмкіндік алды. Соның ішінде бірінші кезеңнен оң нәтиже көрсетіп, екінші кезеңге 315 бала жолданды. Екі кезеңнің нәтижесі бойынша 1-2-3 орындарға лайықты деп танылып, марапатқа ие болған оқушылардың жалпы саны 214 болса, нағыз олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары 158-ді құрады. – Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, оқушылардың дайындық деңгейі жоғары. Олимпиаданың республикалық кезеңі үстіміздегі жылдың наурыз айында жаратылыстану-математика бағыты бойынша Атырау қаласында, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Қостанай қаласында өтпек. Біздің өңірден жаратылыстану-математика бағыты бойынша - 32, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 23 оқушы, республикалық олимпиадалық резервке қатысып жүрген 1 оқушыны қосқанда барлығы 56 білімпаз республикалық кезеңге жолданып отыр. Республикалық кезеңге өткен жылы да бізден 56 оқушы қатысып, 20-сы жүлдегер боп қайтқан болатын, - деді Ө.Құспанов.

Шарада олимпиаданың 1-ші орын жүлдегерлері мен жалпыкомандалық орындарға табан тіреген топтарды облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова құттықтап, марапаттады. Жалпыкомандалық есепте облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты 3-ші орынға, Орал қаласының командасы 2-ші орынға, С.Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернаты кешені 1-ші орынға лайық деп табылды. Айта кету керек, олимпиада барысында Бөрлі, Зеленов аудандарының командалары да білім көрсеткіші жағынан осал еместіктерін байқатты.

Шара соңында театр фойесі жүздері бал-бұл жанған шәкірттермен шырайлана қалды. Біз де білім бәйгесінде бағы жанған жеңімпаздарды сырт айналып өте алмадық. Қазақстан тарихы пәнінен өз білімін таразыға салып, 1-орын алған Сырым ауданы Жырақұдық орта мектебінің 11-сынып оқушысы Орынбек Нұрпейісов сұрақтардың күрделі болғанын жасырмайды. Алайда дайындығы мықты шәкіртке аз-мұз қиындықтар кедергі болмаса керек. Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №4 мектептің 11-сынып оқушысы Виктория Ақмаева да өзіне сенімді болғанын айтады. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қатысып, қанжығасына 1-орынды басқан оқушы ұстазы мен ата-анасын қуантуға асығулы... Біздің түйгеніміз – табысты болудың басты кілті білімде екенін қазіргі шәкірт жақсы түсінеді. Біліммен мықтап қаруланған ұрпақ қана елімізді алға апарады!

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

1 2

3 4

5

 

Главное меню

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Комплексная программа

1