Анонс. Олимпиада өтеді!
03.01.2018 17:37


Қаңтардың 5-і мен 7-сі аралығында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017-2018 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтеді.

Олимпиадаға өңірімізден барлығы 428 оқушы қатысады деп күтілуде. Білім сайысына арнайылап аудандардан келген 205 оқушы ертең, яғни қаңтардың 4-і күні «Дарын» қосымша білім беру орталығына орналастырылады. Бұл күні орталықта аудандардан жиылған оқушылар арасында тренинг өткізіліп, білімпаз жасөспірімдердің бір-бірімен танысып-білісуіне, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берілмек. Ал қаңтардың бесі күні Оралдағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернат кешенінде шымылдығын түретін білім додасы үш күнге созылып, білім бәйгесінде оза шапқан өрендерді марапаттаумен 7-ші қаңтар күні жабылмақ.

1

 

Главное меню

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Комплексная программа

1