Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Батыс Қазақстан облысының арнайы түзеу мектеп - интернаттарында қамқоршылық кеңестің құрылуы туралы хабарлайды.
Осыған байланысты білім басқармасы білім беру ұйымының әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, білім беру бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту мақсатында Қамқоршылық кеңес құрамы мүшелерінің ұсыныстарын қабылдайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері шақырылады.
Ұсыныстарыңызды төмендегі мекен-жай телефонына хабарлассаңыздар болады. («Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» тіркелген)
№ п/п
|
Мекеме атауы
|
Мекен-жайы
|
телефон
|
Электронды мекен-жайы
|
Басшысының
аты-жөні
|
1
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп –интернат – кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
БҚО, Орал қаласы
Ескалиев көшесі , 130
|
8(7112) 514084
|
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
|
Кұмаргалиева Жаңылғаным Дүйсенқызы
|
2
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
БҚО, Орал қаласы
Алматинская көшесі,
109/4
|
8(7112) 283952
|
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
|
Ғұбаш
Арыстанбек
Нұхқалиұлы
|
3
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
БҚО, Орал қаласы
«Жеңіс» ш/а, 26
|
8(7112) 227241
|
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
|
Абдрахманов
Бауыржан
Байғалиұлы
|
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы |