ХАБАРЛАНДЫРУ! |
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестің құрылуы туралы хабарлайды. Осыған байланысты білім басқармасы білім беру ұйымының әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, білім беру бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту мақсатында Қамқоршылық кеңес құрамы мүшелерінің ұсыныстарын қабылдайды. Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері шақырылады. Ұсыныстарыңызды төмендегі мекен-жай телефонына хабарлассаңыздар болады. («Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» тіркелген) 1) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені 2) М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты 3) Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты 4) Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернаты 5) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп |