ІІ облыстық «Intel-logic - 2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу 9-11 сыныптары арасындағы интеллектуалды турнир қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылғы 22 қазандағы №715 бұйрығына сәйкес облыстық «Дарын» қосымша білім орталығында 2012 жылдың 15-17 қараша аралығында  Облыстық «Intel-logic-2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу 9-11 сыныптар арасындағы интеллектуалды турнир облыстық жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің нақты ғылымдар пәндеріне бейім оқушылардың білімін жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға, түрлі деңгейлі ғылыми жарыстарға қатысуға таңдау, анықтау және дайындау мақсатында «Intel-logic - 2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турнир өткізілді.

Турнир ережесіне сай 9 сыныптан -1 оқушы, 10 сынып – 1 оқушы, 11 сыныптан – 1 оқушыдан қатысты.

16 -қараша күні сағ. 9:30 мин турнирдің ашылу салтанаты болды. Қазылар алқасы таныстырылды.

Қазылар алқасының төрағасы – Ө.Қ. Құспанов – «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің аудит бөлімі бастығы.

Қазылар алқасы мүшелері:

- Г.Б. Аюпова – облыстық білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері;

- Л.Р. Мажитова – облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің эксперті;

- Е.Н. Сафуллин – БҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары;

- Ж.Анесова – № 34 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі.

Турнир үш айналымнан тұрды:  
1.тур. Логикондар шешу.
2.тур. Логикалық есептер шешу.
3.тур. Софизмдер шешу.

Логикондар. Бұл ойын, бірақ дидактикалық ойын. Оның көмегімен жеке білім құруға болады. Басында сақталған біліммен емес, белгіліні қайталау арқылы емес, ойлану арқылы құрастырылған білім. Ештеңені сұраудың және түсініктеме талап етудің қажеті жоқ. Тек  ойлан, тапсырмалардың шарттарын түсінуге тырыс, шешімнің бірнеше нұсқасын ұсынып, соның ішіндегі, ішкі қарама-қайшылығы жоқ, біреуін таңда.

Логикалық есептер – бұл көңілді, тапқыр және зейінді балаларға арналған қызықтыратын астарлы сұрақтар, қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар, басқатырғыштар, фокустар мен ойындар.

Софизм логика ережелерін әдейі, саналы түрде бұзу. Софизмдерде ойда болмаған қателіктер болмайды бірақ нәтижесінде анық теріс шешімге алып келеді.

Облыс бойынша «Intel-logi - 2012» турниріне 24 команда қатысты:
- Ақжайық ауданы – 1;
- Бөрлі ауданы – 3;
- Бөкей Ордасы – 1;
- Жаңақала ауданы – 1;
- Жәнібек ауданы – 1;
- Зеленов ауданы – 1;
- Казталов ауданы – 1;
- Қаратөбе ауданы – 1;
- Теректі ауданы – 1;
- Тасқала ауданы – 3;
- Шыңғырлау ауданы – 1;
- Орал қаласы– 7;(№27МЛ,№28МЛ,№34МГ,№35МЛ-2,№41МЛ,№42 «Ақ ниет» МГ)
- №8 ОДБМОМ – 1;
- ОДБАММИ – 1;

Жарысқа қатыспаған Сырым ауданының өкілдері.

Әрбір «жақсы» сайыс тек білім және дағдыны ғана емес, алдымен сапалы жаңа есептерді шығара білуді, әдеттегі нәрселерге ерекше көзқараспен қарауды тексеру керек. Тапсырмалар мектеп бағдарламасынан шықпайтындай білімді қажет ететіндей құрастырылды, бірақ білімді әдеттегіден тыс жағдайда қолдануы қажет болды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

І дәрежелі  –   Шыңғырлау ауданы Ащысай ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тайкенов Диар марапатталды. Мұғалімі – Демченко В.Т.

ІІ дәрежелі  –  Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Есетова Азиза марапатталды. Мұғалімі – Жандаулетова Р.С.

ІІ дәрежелі  –  Зеленов ауданы Новеньков ЖОББМ 10-сынып оқушысы Төлеген Асан марапатталды. Мұғалімі – Сейтжанова А.А.

ІІІ дәрежелі – Казталов ауданы Ғ.Қараш МГ 9-сынып оқушысы Қобан Аягөз марапатталады. Мұғалімі – Гайсина Г.И.

ІІІ дәрежелі – Орал қаласы №35 МЛ  10-сынып оқушысы Есмуханов Аис марапатталды. Мұғалімі – Е.Егорова.

ІІІ дәрежелі – Орал қаласы №35 МЛ  9-сынып оқушысы Ниязова Айнура марапатталады. Мұғалімі – Е.Егорова.

ІІІ дәрежелі – Орал қаласы №35 МЛ  9-сынып оқушысы Евстефеева Виктория  марапатталады. Мұғалімі – Е.Егорова.

ІІІ дәрежелі – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Искалиева Аида марапатталды. Мұғалімі – А.С.Ердаулетова.

ІІІ дәрежелі – БҚО, облыстық ДБАМ мектеп-интернатының  10-сынып оқушысы Жанболат Аңсаған марапатталады. Мұғалімі – Нигметуллина С.Б.

ІІІ дәрежелі – Орал қаласы, № 34 МГ 11-сынып оқушысы Ажгалиева Азиза  марапатталды. Мұғалімі – Бердігалиева Б.Х.

Белсенді қатысқаны үшін Орал қаласы, № 28 МЛ  11-сынып оқушысы  Есмуханова Лира, № 27 МЛ  10-сынып оқушысы Саткалиева Фаина, БҚО, облыстық ДБАМ мектеп-интернатының  10-сынып оқушысы Тлепқали Армат марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен: энциклопедиялық, анықтамалық, математика кітаптармен  марапатталды.

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан