Жаңалықтар
«Жаңа технология әдістерін қолдану арқылы ағылшын тілі сабағының сапасын арттыру» облыстық семинары

2013 жылдың 12 наурызында  Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік  бірлестігі мүшелерінің қатысуымен оқытушылардың өзара іс-тәжірибесімен бөлісу, ағылшын тілі сабақтарында қазіргі  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық технология әдістерін тиімділігін насихаттау мақсатында «Жаңа технология әдістерін қолдану арқылы ағылшын тілі сабағының сапасын арттыру» тақырыбында  ағылшын тілі пәні оқытушыларының облыстық семинары оздырылды.

 
«Білім беру үрдісіндегі виртуалды технологиялар» атты облыстық конференциясы

2013 жылдың 13 наурызында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі базасында (директоры С.А.Алимбеков) мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті жанындағы электр-радиотехникалық, байланыс мамандықтары, электротехника арнайы пәндері және физика пәні оқытушыларының әдістемелік бірлестігі «Білім беру үрдісіндегі виртуалды технологиялар» облыстық конференциясы білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың алатын орны мен теориялық, практикалық жұмыстар барысында пайдаланылуы, озық тәжірибемен бөлісу мақсатында ұйымдастырып өткізді.

 
«Бастауыш сыныпта білімділік технологиясын таңдауға инновациялық тәсіл» тақырыбында облыстық семинар-кеңес

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 ақпанында Тасқала ауданы, Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Бастауыш сыныпта білімділік технологиясын таңдауға инновациялық тәсіл» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді.

 
«Қосымша білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарының жүргізілуі» тақырыбында өткен облыстық семинар – кеңес

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Орал қаласының Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі базасында «Қосымша білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарының жүргізілуі» атты облыстық семинар – кеңесі өткізілді. Семинар – кеңеске аудандық, қалалық мектептен тыс жұмыс орталығы, балалар саз мектебі, балалар өнер мектебі, балалар көркем сурет мектептерінің директорлары мен олардың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатынасты. Қатысушылар саны – 63.

 
«Мұнай-газ пәндерін оқыту мен білімді бақылауда заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» атты облыстық семинары

2013 жылдың 28 ақпанында Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарын сәйкес Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында мұнай-газ мамандықтары бойынша инженерлік-педагогикалық қызметкерлері әдістемелік бірлестігі мүшелерінің қатысуымен мұнай, газ және химиялық өндіріс мамандықтары оқытушыларының өзара іс-тәжірибесімен бөлісу, сабақтарда  қазіргі  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық технология әдістерін тиімділігін насихаттау мақсатында  «Мұнай-газ пәндерін оқыту мен білімді бақылауда заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» атты облыстық  семинары оздырылды.

 
<< Басы < Алдыңғы 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 Келесі > Соңы >>

Бет: 185. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі