Жаңалықтар
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат оқушыларының «Мектеп жобасынан - білімнің шыңына» ашық халықаралық ғылыми-сарамандық конференциясының «Бірлесіп, көп жасаймыз» әлеуметтік жобасына қатысуы туралы

2013 жылғы 25 сәуірде РФ Самара қаласының №17 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзету мектеп-интернатының базасында мүмкіндігі шектеулі оқушылардың «Мектеп жобасынан - білімнің шыңына» ашық халықаралық ғылыми-сарамандық конференциясы өткен болатын. Конференция жұмысы 6 секцияда өтті.

 
«Жас құтқарушы» топтары слетінің облыстық кезеңі оздырылды

Сәуірдің 26 жұлдызында «Евразия» туристтік сауықтыру кешенінде облыстық «Жас құтқарушы» топтары слеті оздырылды. Іс-шара ұйымдастырушылар - облыстық Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті және облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы. «Жас құтқарушы» слетінің мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқушылар арасында балалар мен жасөспірімдер төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, олардың өмірдегі қауіпсіздік жағдайлары, дене және психологиялық дайындығы жөніндегі білім деңгейлерін көтеру, құтқарушы мамандығын насихаттау.

 
«Қосымша білім беру: тәжірибе, жаңаша жолдары мен болашағы» атты облыстық семинар

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Бөрлі ауданы Ақсай қаласында №6 ЖОББмектебі мен балалар өнер мектебінің базасында «Шебер – класс «Қосымша білім беру: тәжірибе, жаңаша жолдары мен болашағы» тақырыбында қосымша білім беру педагогтарына арналған облыстық семинар өтті. Семинар облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің жоспарына сай өткізілді. Семинар жұмысына облыстық қосымша білім беру мекемелерінің басшылары және 40 – тан аса қосымша білім беру педагогтары қатынасты. Семинар 2 бөлімнен тұрды: секциялық және пленарлық. Секциялық жұмысы 3 бағытта жүргізілді: 1 секция – көркем-эстетикалық , 2 секция – музыкалық, 3 секция – техникалық шығармашылық. Семинар барысында қатысушылар Бөрлі ауданының жоғары және бірінші санатты мұғалімдері көрсеткен шебер – кластарына қатынасты.

 
«Математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда жобалау технологиясын қолдану жолдары» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

Елбасы Н. Назарбаевтың саясатын іске асыру, «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасының идеясы, «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» мақсатында 2013 жылдың 27 сәуірінде   Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес математика пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі мүшелерінің қатысуымен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі базасында математика пәні оқытушыларының (11 пән оқытушысы) өзара іс-тәжірибесімен бөлісу, ғылыми ізденіс жұмыстарын тарату, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында «Математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда жобалау технологиясын қолдану жолдары» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы оздырылды.

 
«Жылдың үздік жаңашыл сынып жетекшісі» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 24-25 сәуір аралығында Орал қаласының №5, 43 ЖОББМ-нің базасында «Жылдың үздік жаңашыл сынып жетекшісі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 16 үміткер қатысты.

 
<< Басы < Алдыңғы 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 Келесі > Соңы >>

Бет: 179. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі