Жаңалықтар
Бақытты балалар – бейбіт еліміздің тірегі

Ғажайып шақ өмірдің бал дәурені,
Естен кетпес осы кездің ән дәурені.
Ертегілер еліндей таңғажайып,
Жоғалмасын балалықтың сән дәурені!

Бар байлығымыз, бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де, сәні де солар. Жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақтың ең тамаша мейрамы - Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекеге орай өңіріміздің кішкентай бүлдіршіндері үшін облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының базасында облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы, «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз» мерекелік іс-шарасы оздырылды. Акцияның басты мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, балалардың шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік туғызу, өмірге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 
«Балалар мен жасөспірімдерді толеранттылыққа тәрбиелеу» атты облыстық тәрбие сағаты байқауы

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы және  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Орал ақпараттық технологиялар колледжінің базасында облыстық «Балалар мен жасөспірімдерді толеранттылыққа тәрбиелеу» атты тәрбие сағаты байқауы өткізілді. Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 24 топ жетекшілері қатысты.

 
Әлеуметтік серіктес жауапкершілігі

Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында теориялық оқыту колледждердің оқу кабинеттері мен шеберханаларында жүргізілсе, оқушылардың өндіріс практикасы жұмыс берушілердің өндіріс орындарында ұйымдастырылуда. 2012-2013 оқу жылы басында Батыс Қазақстан облысының 7 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 10 мамандық бойынша кадрлар даярлаудың дуалдық жүйесінің кейбір элементтері кеңінен қолданылуда. Соның ішінде әлеуметтік серіктестік «Евенеева» жеке кәсіпкердің құрылымдық кәсіпорынымен жүйелі жұмыстанып келген «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» директоры Э.Джексенова 2013 жылдың 28 мамырында жарық көрген «Казахстанская правда» Қазақстандық жалпыұлттық күнделікті газетінде «Өз жетістігіңмен бөлісе жүр» атты мақаладасында серіктестіктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ой қозғады.

 
«Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту» тақырыбында семинар – практикум

2013 жылдың 29 мамырында Білім басқармасының жоспарына сай арнаулы білімді дамыту және балалар құқықтарын қорғау бөлімі мен облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу,  инклюзивті, қосымша білім беруді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімі «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту» тақырыбында семинар – практикум ұйымдастырды.

 
«Оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы инновациялық дамуы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

2013 жылдың 29 мамырында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі базасында «Оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы инновациялық дамуы» тақырыбында оқу – әдістемелік қабинетінің жоспарына сәйкес ТжКББ ұйымдары оқу орындары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен облыстық ғылыми – практикалық конференция болып өтті.

 
<< Басы < Алдыңғы 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 Келесі > Соңы >>

Бет: 174. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі