Жаңалықтар
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу

Ағымдағы жылғы 18 қазанда білім басқармасының алқа отырысы өткізілді. Алқа отырысына алқа мүшелері, аудандық, қалалық  білім бөлімдерінің меңгерушілері қатысты.

 
«ЭКСПО-2017 балалардың көзімен» атты ғылым және техниканың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумы

Қазақстан Республикасы Білім және министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылық және құрастырушылық қабілеттерін дамыту мақсатында Астана қаласында 7-9 қазан аралығында өткен «ЭКСПО-2017 балалардың көзімен» атты ғылым және техниканың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумына Батыс Қазақстан облысынан төмендегі оқушылар қатысты:

 
«Тірек мектеп (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыруды жетілдірудің басым бағыттары» тақырыбындағы семинар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 қазаны күні Ақжайық ауданының М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталығы) базасында «Тірек мектеп (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыруды жетілдірудің басым бағыттары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Шағын жинақты мектепті дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тойбазарова Нағима Әмірханқызы, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің басшысы Ғұмарова Зәуре Базарғалиқызы, БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы, сонымен қатар, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, ресурстық  орталығының директорлары, ресурстық орталықтың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

 
«Жас полиция» байқауы өз жеңімпаздарын анықтады

Білім басқармасының 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында қазан айының 11 жұлдызында балалар мен жасөспірімдер арасында жас полиция топтарының облыстық жарысы ұйымдастырылды. «Дарын» қосымша білім беру орталығында Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының  жалпы білім беретін мектептердің «Жас полиция» топтары  8-11 сынып оқушылары бас қосты. Аталған шараны ұйымдастырушылар Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, БҚО Ішкі істер департаменті және облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы.

 
Жауапты хатшымен кездесу

Ағымдағы жылғы 3 қазан күні Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында облыстың білім беру саласындағы қызметкерлерімен «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә.Қ. Галимовамен кездесу өткізілді.

 
<< Басы < Алдыңғы 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 Келесі > Соңы >>

Бет: 164. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі