Жаңалықтар
Облыстық білім қызметкерлері арасында өткізілген шаңғы туризмі техникасынан «Европа-Азия 2014» жарысының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Білім қызметкерлері арасында шаңғы туризмі техникасынан облыстық «Европа-Азия 2014» жарысы 22-24 қаңтар  аралығында өтті. Жарыс білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

 
Интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің бейімделуі мен оңалтылуы және ұжымды басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырылған семинар-практикум туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аты Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде 2014 жылы 23 қаңтар күні Орал қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердің, сауықтыру мектеп-интернаты және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының басшылары, басшының орынбасарлары мен психологтары үшін интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің бейімделуі мен оңалтылуы және ұжымды басқару жүйесін жетілдіру бойынша семинар-практикум ұйымдастырылды.

 
«Мектеп жанындағы интернаттың қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сай ағымдағы жылдың 16 қаңтарында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің базасында интернаттық ұйымның жұмысын бағдарламалық – әдістемелік қамтамасыз ету, кәсіби тұрғыда шығармашылықпен жұмыс істейтін интернат тәрбиешілеріне бағыт-бағдар беріп, әдістемелік шеберліктерін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында «Мектеп жанындағы интернаттың қызметін ұйымдастыру» атты облыстық семинары өткізілді. Семинарға аудандық жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернат, облыстың білім беру мекемелері мен облыстық арнаулы (түзеу) мектеп-интернат тәрбиешілері қатынасты.

 
Облыстық білім қызметкерлері арасында өткізілетін шаңғы туризмі техникасынан “Европа-Азия 2014” жарысының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚР Президентінің Жолдауында біздің еліміздің болашақта дамуының мақсаттары ғана белгіленген жоқ, одан әрі дамытуға жету жолдары айқын көрсетілген. Мемлекет басшысы нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркімнің түсінуі тиіс екенін атап көрсетті. Бұл туристік-өлкетану қызметін оқушылар арасында жүзеге асыратын, балаларға қосымша білім беру ұйымдарына тікелей қатысты. Олардың алдында Қазақстанды алдыңғы қатарлы еуразиялық медициналық, сауықтыру орталығына айналдыруда, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруді одан әрі жақсартуда үлкен үлестерін қосу міндеті тұр. Осы мақсатта облыста туристік-өлкетану қызметі саласында шаралар өткізу белгіленген.

 
«Педагог кадрларды дайындау, білімін жетілдіру орындары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу» тақырыбындағы кеңес

2014 жылдың 15 қаңтары күні Орал қаласы КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің базасында білім басқармасының ұйымдастыруымен cапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуде педагог кадрлардың біліктілігін, кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында бірлесе жұмыстану арқылы нәтижеге жету жолдарын нақтылау мақсатында «Педагог кадрларды дайындау, білімін жетілдіру орындары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу» тақырыбындағы кеңес өтті.

 
<< Басы < Алдыңғы 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 Келесі > Соңы >>

Бет: 158. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі