Жаңалықтар
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына арналған білім апталығы

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес және Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында 2014 жылдың қаңтар айының 27-29 аралығында Орал қаласының №47 «Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына  арналған білім апталығы» өткізілді.

 
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім берудегі біліктілікті арттыру механизмі және заманауи модельдері» атты облыстық оқыту семинары

28 қаңтар 2014 жылы Жоғары техникалық мектеп базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті мен әдістемелік кабинет меңгерушілерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім берудегі біліктілікті арттыру механизмі және заманауи модельдері» атты облыстық оқыту семинары оздырылды.

 
«Оқытудың жаңа әдістері мен түрлері» тақырыбындағы облыстық коучинг

Батыс Қазақстан облысы білім баскармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2014 жылдың 28 қаңтарында Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының базасында математика, физика, информатика пәндері мұғалімдерінің арасында «Оқытудың жаңа әдістері мен түрлері» тақырыбындағы облыстық коучинг оздырылды.

 
«Таңғажайып сәт» атты облыстық сырттай балалар фотосурет көрме-байқауы

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 28 қаңтарында  оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, фото өнері бағытындағы дарынды балаларды анықтап, олардың үздік шығармашылық жұмыстарын мадақтау арқылы оларға азаматтық және патриоттық тәрбие беру мақсатында «Таңғажайып сәт» атты облыстық сырттай балалар фотосурет көрме-байқауы өткізілді.

 
«Жалғыз едім өспей қойған атадан, Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!» тақырыбындағы әдеби конференция

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сай ағымдағы жылдың 27 қаңтары күні жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне «On-line» режимінде Қадыр Мырза Әлі шығармашылығына арналған «Жалғыз едім өспей қойған атадан, Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!» тақырыбында дәстүрге айналған ІІ облыстық әдеби конференция өткізілді.

 
<< Басы < Алдыңғы 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 Келесі > Соңы >>

Бет: 157. Барлығы: 196.

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Жүйеге кіру



Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі