«Инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың заманауи жолдары» атты облыстық семинар- кеңес |
2013 жылдың 14-15 мамыр аралығында облыстық әдістемелік кабинеттің жоспары бойынша мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге сонымен бірге психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарына тәжірибелік көмек және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Ашық есік күні өтті.
|
|
Облыстық «Жылдың таңдаулы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» атты сырттай байқауы |
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және педагог-психолог, дефектолог, емдік дене шынықтыру мамандарының кәсіптік шеберлігін арттыру арқылы балаларға түзете – дамыту жұмысына көмек беру жүйесін жетілдіру мақсатында Облыстық білім басқармасының базасында ағымдағы жылдың 6-8 мамыр күндері «Жылдың таңдаулы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті – 2013» облыстық сырттай байқауы өткізілді.
|
«Ресурстық орталықтың тірек мектептеріндегі жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар-кеңес |
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Ақжайық ауданының М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Ресурстық орталықтың тірек мектептеріндегі жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді. Семинарға барлық аудандардан әдістемелік кабинет меңгерушілері, ресурстық орталықтың директорлары, әдіскерлер қатысты.
|
|
«Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық ерекшеліктері» атты он-лайн семинар |
Ағымдағы жылдың 16 мамырында білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық ерекшеліктері» тақырыбында он-лайн семинар өткізілді.
|
«Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар-кеңес |
2013 жылдың 3 мамырында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде «Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар-кеңеске білім бөлімдерінің жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесіне жетекшілік ететін мамандары, әдіскерлері мен барлық түрдегі лагерьлер үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен оздырылды. Қатысушылар саны – 100 (адам).
|
|
|
|
<< Басы < Алдыңғы 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 Келесі > Соңы >>
|
Бет: 177. Барлығы: 196. |