ІІ аймақтық «Математикалық регата» турнирінің қорытындысы |
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау, қолдау және мәртебесін көтеру мақсатында 2014 жылдың 27 наурызы күні Ақтөбе қаласының №23 орта мектеп-лицейі базасында Қазақстанның батыс өңірін құрайтын Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының математика пәні мұғалімдері арасында ІІ аймақтық «Математикалық регата» турнирі өтті.
|
|
Волейболдан «Шұбар доп» - Мектеп лигасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті |
Оқушылардың дене шынықтыру және спортпен айналысу қызығушылығын арттыру, волейбол ойынын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен 28-30 наурыз күндері ұлдар мен қыздар арасында волейболдан «Шұбар доп» - Мектеп лигасының облыстық турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа аудан және қала мектептерінен 30 волейбол командалары (258 оқушы) қатысты. Жарыс облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, Орал қаласының №7 және 19 ЖОББМ-нің спорт залдарында өтті.
|
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Театрлар мен сән студияларының «DEAFILЕ» ІІІ халықаралық фестиваль - байқауы туралы |
2014 жылдың 27-28 наурызында Самара облысының білім беру басқармасының, Самара облысы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Самара қаласының №4 мектеп- интернатында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Театрлар мен сән студияларының «DEAFILЕ» ІІІ халықаралық фестиваль - байқауы өтті.
|
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженер-педагогтарының арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы туралы |
Техникалық және кәсіптік білім беруде озат тәжірибелері бар шығармашыл инженер-педагогтардың әдістемелік тәжірибелерін жинақтау, үздік әдістемелік идеяларды анықтау, педагогикалық шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында 2014 жылдың 28 наурызында Орал «Сервис» технологиялық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженер-педагогтарының арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы оздырылды.
|
Облыстық «Үздік тәрбие сағаттары» сырттай байқауы |
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, зиянды заттардың алдын алу және толеранттылыққа тәрбиелеуді қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау, шығармашыл педагогтардың іс – тәжірибелерін тарату мақсатында ағымдағы жылдың 28 наурызында облыстық «Үздік тәрбие сағаттары» атты сырттай байқауы өткізілді. Байқауға облыстық білім беру мекемелерінің 23 сынып жетекшілері қатысты.
|
|
|
|
<< Басы < Алдыңғы 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 Келесі > Соңы >>
|
Бет: 150. Барлығы: 196. |